Саясат

Мәдени мекемелер Тоқаевтың штабы ма?

ҚРМәдениет және спорт министрлігіне қарайтын өнер ұжымдары Facebook-тағы ресмипарақшаларындағы бас суретке Toqaev логотипін жапсырды.

Jasalash.kz

Осыған орай zhasalash.kzтілшісі бірқатар ұжымдар мен жеке тұлғалардың пікірін білген.

Сайлауға түрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдар атынантүсіп жатқан кандидаттардың ішінен басқа емес, президенттік партия «Нұр Отан»атынан қатысып жатқан Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫ ашық қолдау қаншалықты заңды? Бұлтуралы саясаттанушы Максим КАЗНЕЧЕЕВ өнер ұжымдарының биліктің айтқанын істейтінібелгілі дейді.

— Бюджетке қараған мәдениет ошақтарының жергілікті биліктің айтқанын істейтінібелгілі. Бұл сайлау туралы заңды бұзу болып есептеледі. Заң бойынша, әлеуметтікжелі мен БАҚ теңестірілген. Сондықтан басқа кандидаттар да сол театрлар менкітапханалардың басшыларына өздерін жарнамалау туралы ресми хатпен шыға алады.Және өздерін жарнамалауға заң бойынша қол жеткізе алады. Алайда, бұл жағдайғақатысты басқа кандидаттардың үнсіздігі таңғалдырады.

Расында, өзге кандидаттар бұл жағдайға қатысты неге үнсізқалды? Әлде көрмей қалды ма? Басқа-басқа, заң шығарушы орган – Парламенттеотырған Президентшіл партиялар «Ауыл» мен «Ақжол» атынан қатысып жатқанТөлеутай РАХЫМБЕКОВ пен Дания ЕСПАЕВАЛАР мемлекеттік мекемелердің жетікандидаттың біреуін ашық қолдауының заңға қайшы екенін неге айтып шықпады?

1772 жазылушысы бар Әуезов театрының парақшасы және 738адам тіркелген Мүсірепов театрының парақшасы бар, басқасы бар бір сәттеПрезиденттік партияның жарнамасын жасап шыға келуі – сайлау заңын бұзу болыпсаналатын болса, оны өзге кандидаттардың көрмей қалуы тағы мүмкін емес сияқты.

Әуезов театрының баспасөз қызметіне хабарласқанымызда өзінДосхан САТИЯН деп таныстырған қызметкер:

— Бұл жерде ешқандай да тапсырма болған жоқ. Біздің ұжыммен басшылық Тоқаев кандидатурасын қолдайды. Бар болғаны сол. Мәдениетминистрлігі жағынан да, басқадан да мәжбүрлеу болған жоқ, — деп жауап берді.

Ол сондай-ақ, өзге «саяси сұрақтарға» осындай шешімгекелген театр басшылығы болмаса, өзінің жауап бере алмайтынын айтты.

Ал, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдертеатры баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Айзада БОЛАТ:

— Бізбұл логотипті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында қойдық. Ешкімніңнаразылығы болған жоқ. Министрлік тарапынан да ешқандай қысым болған жоқ. Біз,жалпы театр ұжымы, барлығы қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймыз деп, бізгеуведомления келеді ғой, солардың ішінде сайлауға түсіп жатқандардың барлығыныңаты тұрады, солардың ішінен өзіміз алып, қойғанбыз. Оған қатысты сын пікірестіген жоқпыз ешкімнен, — деді.

Қос театр басшылары Сәбит ӘБДІХАЛЫҚ пен Азамат САТЫБАЛДЫмырзаларға ұжымы қарсы келмейтін сияқты. Және олардың барлығы тегістей «Нұротан» партиясы ұсынған кандидатты қолдайды екен. Қос театр ұжымынахабарласқанымызда осыған көз жеткіздік.

Дегенмен, екі үлкен ұжымның барлығы басшылық тарапынанболып жатқан бұл шаруаға ләм-мим деп қарсы келмегені таңғаларлық. Сірә,сайлауға бір үйдің баласындай, ұйымшылдықпен атсалысуға бекінген сынды.

Мәдениет және спорт министрлігіне хабарласқанымыздаминистр Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫНЫҢ баспасөз хатшысы Айдар ҚЫРЫҚБАй министрдіңбұл жайлы не ойлайтынын білмейтінін айтты. «Министрлікке қарайтын ұжымдардыңбір кандидатты ашық қолдауы министрліктің имиджіне нұқсан келтірмей ме?» дегенсұрағымызға:

— Министрліккеқарасты екі-үш театр аваларын өзгертіп қойған екен. Бірақ, біз енді олкісілерге «қой, қойма» деп айта алмаймыз. Өйткені, әрбір театрдың басшылары «НұрОтан» мүшесі болып келеді немесе сайлау штабының мүшесі болып келуі де мүмкін.Сондықтан біз нақты тапсырма бере алмаймыз, — деп жауап берді.

— Жалпы, министрлік пен партия екі басқа нәрсе ғой. Сіздертеатрлардың сайлау заңын бұзуына тыйым салған жоқсыздар ма?

— Жаңаайттым ғой, біз ананы қой, мынаны қой деп немесе қандай да бір шектеу қояалмаймыз. Өйткені, әр мекеменің өзінің сайты, Facebook парақшасы бар. Өздеріжауап береді. Жаңа айтып өткендей, театр ұжымындағы актерлер, басшыларпартияның мүшесі немесе штабында бар ма екен… Кімнің қай партияда екенінбілмедім, негізінен көбі «Нұр Отанның» мүшесі болып келеді ғой.

— Үлкен бір ұжымда жүзден аса адам істейді десек, соныңбарлығының бір партияны қолдауы мүмкін бе? Сіздерге актерлер тарапынан «басшылықосылай істеп жатыр» деген шағым түскен жоқ па?

— Жоқ,ешқандай шағым түскен жоқ. Қай ұжым кімді қолдайды, кімге дауыс береді дегенмәселеге араласуға мемлекеттік орган ретінде біздің құқығымыз жоқ.

— Министр бұл жағдайға қатысты қандай пікірде?

— Мененді министр бұл логотипті көрді ме, көрмеді ме, айта алмаймын. Жалпы айтакетерлігі, мемлекеттік қызметкер ретінде ол кісі қандай да бір пікір білдіріп,үгіт-насихат жүргізе алмайды. Өзінің Facebook парақшасы бар, өзі жүргізеді, солжерді қарасаңыз да сайлауға қатысты, қазір «Нұр Отанның» атынан түсіп жатқанкандидат жөнінде бір ауыз сөз пікір жоқ.  

Бір қызығы, осы әңгімеден соң көп өтпей жоғарыда аталғанұжымдар парақшасындағы TOQAEV логотипін алып тастады. Zhasalash.kz мақала жазыпболғанша жарнама да аяқталып үлгеріпті. Бәлкім, жарнаманың ендігі кезегі өзгекандидаттарға келген болар…

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега