Саясат

Мәди Тәкиев қаржы министрі қызметіне қайта тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәди Төкешұлы Тәкиевті Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Jasalash.kz

Еңбек жолы мен негізгі деректер:

  • Білімі: Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Д.А. Қонаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

  • Салық және қаржы саласындағы қызметі: Алматы мен Астанадағы салық органдарында ұзақ жыл еңбек еткен. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарған. Сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарған.

  • Президент Әкімшілігі мен Мәжілісте: Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болған. 2023 жылы Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланып, Қаржы және бюджет комитетін басқарған.

  • Қаржы министрлігінде: Мәди Тәкиев алғаш рет 2024 жылдың ақпанында Қаржы министрі болып тағайындалған.

Сайт Әкімшілігі