Саясат

Мадуро мен оның әйеліне америкалықтарды азаптауға қатысты айып тағылуы мүмкін

Бұған дейін АҚШ-тың бірнеше азаматы Венесуэла түрмелерінде қамауда болған кезде азапталғанын мәлімдеген. Бұл туралы CNN жазды.

Фото: ашық дереккөз

Олардың арасында бұрынғы теңіз жаяу әскері Мэтью Хит пен Осман Хан да бар. Екеуі де 2022 жылдың қазанында тұтқындар алмасу кезінде босатылған. Ер адамдар сотқа берген арызында түрмеде суға және электр тогына байланысты азаптау әдістеріне ұшырағандарын, жыныстық сипаттағы зорлықпен қорқытылғанын, психоактивті заттарды қабылдауға мәжбүр болғанын және жеке камераларда ұсталғанын айтқан.

Мэтью Хит қамауда болған кезінде өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. АҚШ билігінің мәліметінше, Николас Мадуро билігі тұсында Венесуэла түрмелерінде АҚШ-тың оннан астам азаматы заңсыз ұсталған.

Бүгін Нью-Йорк прокуратурасы Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты жаңа айыптар тағуы мүмкін.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Мадуро АҚШ