Әлеумет

Магистратура грантының нәтижесі қашан жарияланады?

Магистратураға мемлекеттік грант тағайындау конкурсының нәтижесі 24 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Фото: из открытых источников

Биыл магистратура грантына қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 3 мыңға көп. Үміткерлер арасында педагогикалық ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ инженерлік, өңдеу және құрылыс бағыттарына сұраныс жоғары болған.

Грант иегерлерінің тізімі министрліктің ресми ақпараттық ресурстарында және министр Саясат Нұрбектің ресми парақшаларында жарияланады.

Ал магистратураға қабылдау 28 тамызға дейін жалғасады. 

Сайт Әкімшілігі