Майкамал УСМАНОВА: Төл оқулықтар заманауи білім жүйесінің тұғырнамасы болуы тиіс
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап отандық білім беру саласында түрліреформалардың жүзеге асырылып келе жатқаны көзіқарақты қауымға жақсы таныс.
Сондай заманауи оқыту жүйесіне негізделген тың бастамалардың бірі – қазақстандықавторлардың жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына сай төл оқулықтардыжазып, жарыққа шығара бастауы. Әрине, ондай оқу құралдарының кейбірі ғалымдармен мектеп мұғалімдерінің көңілінен шықса, кейбіреуінің қатал сынға ұшырапжатқаны да аз емес. Бірақ қалай болғанда да, көш жүре түзеледі дегендей,қазіргі оқулықтар сапасының жаңа ғасыр басталысымен баспа бетін көрген оқуқұралдарынан әлдеқайда жоғары екені дау тудырмаса керек-ті. Бұл тұрғыда білім жәнеғылым министрлігінің авторларға қоятын талабы жоғары. Атап айтқанда, оқулықтағыәрбір тақырыптың оқыту бағдарламасынан ауытқымауынан бастап, оның шәкірттіңқабылдауына оңай, жазылу тілінің жеңіл, безендірілуі жағынан көрнекі болуы –басты критерийлердің бірі. Және де қазіргі авторлардың бұрынғылардан ерекшелігі– олардың бәрі бірдей белгілі бір теория аясында қатып қалған анықтама-ережелернегізінде, қасаң тілде оқулық жазған теоретик-ғалымдар емес, керісінше, белгілібір пәннен сабақ бере жүріп, сол пән бойынша өз тәжірибелері арқылы оқытуәдістемелерін анағұрлым жетілдіруге тырысатын оқытушы-әдіскерлер.
Бүгінгі таңда ондай әдіскерлерарасында кітаптары тоқтаусыз шығып келе жатқан авторлар да жеткілікті. Мәселен,соның бірі – соңғы 20 жыл бойы орта мектептің 7-8-9 сыныптарына арнап химияпәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын жарыққа шығарып келе жатқан әдіскер,химия ғылымының кандидаты, профессор Майкамал Усманова. Біз төл оқулықтарымыздытөрге шығарып жүрген автормен бүгінгі таңдағы оқулық жазу ісіндегі жаңалықтармен ізденістер һәм оқыту жүйесі төңірегінде әңгіме-сұхбат құруды жөнкөрдік.
– Зейнеткерлікке дейінгі және кейінгі ізденістеріңіздің көбі төл кәсібіңіз – оқытушылық-әдіскерлігіңіздіңайнасы тәрізді. Күні бүгінге дейін сол салада еңбектер жазып, жалпы білімберетін мектептердің жоғары сыныптарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарынжазумен айналысудасыз. Жалпы, оқулық жазуғане түрткі болды? Алғашқы оқу құралдарыңыз қай жылы жарық көрді?
– Мен 40 жылдан аса Өскемендегііргелі оқу орындары – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дыңхимия факультеттерінде дәріс оқып, химияны тереңдетіп оқытатын мектептердеқосымша сабақ бердім. Әсіресе кеңес уақытында қазақ тіліндегі оқулықтар мүлдемжоқтың қасы еді. Болса да, жазылу тілі ауыр, ғылыми дәйектемелері көп жәнестуденттердің түсініп-қабылдауына аса ауыр кітаптар болды. Оқулықтар жазуісінде қағаз бүлдіріп, тер төккен әдіскер-оқытушы жалғыз мен емеспін. Осы кезгедейін «Атамұра» баспасынан жарық көрген әрбір химия оқулығы мен оқуқұралдарының мұқабасында оқулық авторы ретінде аты-жөні менімен бірге қосажазылған, көзінің тірісінде тер төккен талантты химик, тәжірибеліоқытушы-әдіскер Құралай Сақариянованың да атқарған еңбегі ұшан-теңіз.
Негізі, оқулық жазуға дегенниет-тілектің өзі ең алдымен өзімізден дәріс алатын қазақ топтарындағыстуденттерге деген жанашырлықтан туды. Келе-келе біздің қолымыздан шыққан оқуқұралдарының қажеттілігі күн санап өсе бастағанда біз де өзіміздіңқарым-қабілетіміз бен бұл саладағы азды-көпті жинаған тәжірибемізді басшылыққаала отырып, жаңа бағыттағы оқулықтарды жазуға кірістік. Біздің ең алғашқы«Химия кестеде болса, есте де болады» атты оқу құралымыз 1995 жылы өзіміз еңбекеткен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасынан жарыққа шықты. Студенттер мен мектепмұғалімдеріне таптырмас қосымша оқуқұралына айналған бұл кітаптың қолданыс аясының кеңдігі, біздің тағы да, оданда көлемді оқу құралдары мен химиядан жаттығу жұмыстары мен химиялық күрделіесеп шығару үлгілеріне негізделген жинақтарды шығаруымыз керек дегенмақсатымызды айқындап берді. Біздің бұл ойымызды тәуелсіздік жылдарындағыбарлық салада еркін көсілуге мұрындық болған мүмкіндіктер де одан ары ұштайтүсті. Осылайша еліміз егемендікке қол жеткізген кезде білім және ғылым министрлігінің «төл оқулықтармен оқыту керек» дегеннұсқауымен бізге қазақ тілінде жаңаша оқулықтар жазудың сәті туды. Жаңа ғасырбасталысымен Құралай Назымқызы екеуміз химия пәнінен ана тілімізде оқулықтармен оқу құралдарын жазуға мойын бұрдық.
– Байқасақ,сіздер жазған оқулықтар тек жоғары сыныптарға арналған «Химия» пәні оқулығығана емес, тұтастай тестілік тапсырмалар, есептер жинағы, қосымша оқу құралысекілді кешенді құрайды екен. Қазіргі білім саласындағы басты талап – саннангөрі сапаға басымдық таныту болып отырған кезде мұндай оқу құралдары қаншалықтысұранысқа ие?
– Оқулық жазу ісін республикалық«Атамұра» баспасымен тығыз байланыста бола отырып жүзеге асырдық. Біздің соңғы20 жыл аясында жазып, жарыққа шығарған, жалпы білім беретін мектептің 7-8-9сыныптарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарымыз бүгінгі таңда кеңқолданысқа ие. Бір кезде өзімізден дәріс алған, қазірде облыс, қала, ауданмектептерінде сабақ беретін химия пәні мұғалімдерінің, мектеп оқушылары менуниверситеттегі химия факультеті студенттерінің біздің оқулықтарымыздықолдарына алып, оны зерделей бастағандары да, әлбетте, оқулық авторы ретіндекөңілімді марқайтады. «Химия» пәні оқулығынан бөлек, есептер жинағын,оқыту-әдістемелік нұсқаулығын және тестілік тапсырмалар жинағын құрастырудағымақсатымыз оқушылардың аталмыш пәнді неғұрлым жан-жақты, тереңірек оқып-білуіненегіз болар деген ойдан туды. Химияның есебі алгебрадағыдай емес. Оның берілутапсырмасынан бастап, шешу жолы да мүлдем бөлек. Сол себепті есептер жинағышәкірттердің олимпиада есептерін шешу барысындағы шеберліктерін шыңдай түспек.Химияның тағы бір ерекшелігі – ол теория мен анықтама-ережесі және есебі қатаржүретін пән. Сондықтан да оқушы үшін бұл оқу құралдарының бәрі қажет. Бұрынмектеп оқушылары бір ғана «Химия» оқулығымен ғана оқыса, қазір біздің аталмышоқу құралдарымызды да қосымша пайдаланады. Бір емес, бірнеше рет қайта басылыпшығуынан-ақ бұл оқу-дидактикалық құралдарының сұранысқа ие екенін бағамдауғаболады.
–Сіздердің қолдарыңыздан шыққан оқу құралдарының жазылуы мен құрастырылу форматыныңбасты ерекшелігі неде?
– Ең бастысы – біз оқулықты күрделендірмей, оқушығатүсінікті тұрпатта жазуға тырыстық. Ондағы әрбір тақырып бойынша берілген мәтінмен көрнекі суреттер әр сыныптағы оқушының жас мөлшері мен таным-түсінігіне,қабылдау мүмкіндігіне сай болуы керек және төл оқулықтар заманауи білімжүйесінің тұғырнамасы болуы тиіс. Химия секілді оқушының түйсініп-қабылдауынаонсыз да аса қиын пәнді оқытудың әдіс-тәсілін мұғалім үшін жеңіл етуге тырыстық.Яғни мәтін үлгілерін де әдеби тілден гөрі қарапайым сөз тіркестерімен жазып, тақырыптытолықтыратын кітап бетіндегі анимациялық көрнекі суреттерді де бүгінгі өміргесай етіп безендіру қажеттігін есте ұстадық. Сондай-ақ әрбір тақырыпқа тұздықболар ескерту-толықтыруларды «Есіңде сақта!», «Міне, қызық», «Тобықтай түйін»айдарларымен беріп отырдық. Біздің 2018 жылы баспа бетін көрген 8-сыныптыңхимия оқулығына білім министрлігі мен «Атамұра» баспасының «Оқулық авторларыныңбірі міндетті түрде мектепте химиядан сабақ беретін практик-мұғалім болуы тиіс»деген талабына орай, Өскемендегі №1 Шәкәрім атындағы орта мектептің химияпәнінің мұғалімі Балнұр Назымқызы қосалқы автор ретінде атсалысып, бізбен бірге оқулықтың біраз тарауларынбірлесіп жазды. Бұл оқулықпен де бүгінде бірқатар мектептер оқып жатыр. Оқуқұралдарының насихатталуы да жаман емес. 2017 жылы білім министрлігі мен«Атамұра» баспасы еліміздің бірнеше облыстарындағы білім беру басқармасыменбірлесіп семинар өткізді. Аталмыш топтың құрамында болған екінші автор,әріптесім Құралай Сақариянова Алматы,Тараз, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Орал, Ақтау қалаларындағы жергіліктімектеп мұғалімдеріне кітаптардың тұсаукесерін өткізді. Атап өту орынды, ҚұралайНазымқызы өмірінің соңғы күндеріне дейін еңбектеніп, жазудан қол үзген жоқ.Біздің бірлесіп жазған соңғы еңбегіміз – жалпы білім беретін мектептердің 9-10сыныптарына арналған химия оқулығы.
– Өзіңізбен сұхбаттасыпотырғанда әңгіме ауанының сіздің оқытушылығыңыздан әсте алшақ кетпейтініайтпаса да түсінікті. Айтыңызшы, сіздіңше, бүгінде ЖОО мен жалпы білім беретінмектептерде аталмыш пәнді оқыту жүйесіне енгізілген қандай да бір жаңа технологиялар менәдіс-тәсілдердің озығы мен тозығы қайсы? Қайсысы сіздің көңіліңізге жағады, алқайсысы әлі де олқы түсіп жатыр?
– Қалай болғанда да, химия – кестелі тілмен аса көп астарлап әңгімелеудіқажет етпейтін нақты ғылым. Соған орай, оны оқыту барысында мылжың сөзден гөрінақтылық қажет. Әлбетте, әр ұстаздың оқыту тәсілі әрқалай. Бірақ солай болатұрса да, аталмыш пәнге қатысты әрбір тақырыпты мұғалімнің оқушы ұғымына сай,аса қарапайым тілде түсіндіргені дұрыс. Ізденген жанға бұл пәнді оқыту менпрактикалық курстарды, зертханалық жұмыстарды жүргізу барысында жылдар бойызерттеліп-зерделенген, түрлі химик-мамандардың саралап-сараптауынан өткен,тәжірибелік қолданыс тезінен екшеліп алынып, жарыққа шыққан оқытудың озықәдіс-тәсілдері көп. Дегенмен әр оқытушы солардың ішінен өзіне ең бір көңілгеқонымдысын, өзінің оң жамбасына сай келетіндерін ғана басшылыққа алады. Онда дабәрін емес, керегін ғана ала отырып, оны ары қарай дамытып, жетілдіріп, өзіндікәдіс-тәсілдерімен астастыруға тырысады.
Физика, химия, математика секілдінақты пәнді түсіндіруді әдебиетті оқытумен салыстыруға болмайды. Аталмыш пәндіоқытуда мұғалімнің тақтаның алдынан ұзап кетпей, нақты мысалдармен химиялықэлементтер мен реакциялық механизмдер теңдеулерін жазып, оқушының санасына құюыбәрінен де ұтымды, оңтайлы әрі химияны оқытудың бұрыннан келе жатқанклассикалық бағыттарының бірі. Бүгінгі күні бұрын ешбір оқу орнының қолыжетпеген көрнекі құралдар, электрондық тақта, әрбір тақырыпты слайд арқылыкөрсете отырып, түсіндіру жолдарына негізделген мұғалім үшін көмекшінұсқаулықтар, анимациялық материалдар жеткілікті. Бұл да қажет-ақ, десек те,көп жағдайда соның бәрін игеріп, оқушының жетесіне жететіндей етіп түсіндіреалатын химик-мамандардың саусақпен санарлық екенін мойындауымыз керек. Бұл,бәлкім, мұғалім білімінің таяздығынан да емес шығар. Бәлкім, біздің білім беружүйесіндегі оларға қойылатын шектен тыс, ақылға қонымсыз талаптарға дабайланысты болуы мүмкін. Жалпы, біздің білім беру жүйесінде соңғы уақытташегі-шеті жоқ заңдар, реформалар мен жаңашылдықтар аса көп. Оның бірі аяқталмайжатып, екіншісі бой көрсетеді. Осылардың бәрі ұстазға да, шәкіртке де, оқу меноқыту жүйесіне де аса көп салмақ түсіретіні сөзсіз.
– Өзіңіз әлі де болса оқулықжазу ісін одан ары жалғастырып жатқан шығарсыз. Алдағы жоспарларыңыз қандай?
– Тірі адам тірлігін жасайды, дегенмен Құрекеңнің беймезгіл дүниеден өтуібіздің бірлесіп қолға алған, алдағы уақытта жүзеге асырамыз дегенарман-мақсаттарымызға әсер етпей қоймағаны рас. Бірақ амал қанша? Жалпы, уақыталға жылжыған сайын білім беру мен оқыту жүйесіндегі өзгеріс-жаңалықтар бірініңорнын бірі алмастырып, қас-қағым сәтте өзгеріп жатқаны баршаға мәлім. Осы тұрғыданкелгенде өзіміз әуел баста оқулық жазып-шығару ісінде тығыз байланыста болғанреспубликалық «Атамұра» баспасының тапсырмасымен алдағы уақытта да бұрынғыкейбір оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды қайта толықтырып жазып, жарыққашығару ісін қолға алу мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ «жалпы білім беретінмектептердің 11-сыныбына арнап, жаңаша оқыту бағдарламасына лайықтап, «Химия»оқулығын бірлесіп жазсақ» деп, ұсыныс жасап отырған әріптестер баршылық. Мұның бәрі болашақтың еншісіндегііс. Жоспар-мақсаттар көп, тек соның бәрін ойдағыдай жүзеге асырып, нәтижесінкөрсек деген үмітім зор.
Сұхбаттасқан Арай САХАРИЕВА