Саясат

Майлыбаев қоныс колониясына ауыспайды

Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан МАЙЛЫБАЕВТЫҢ өтінішін сот қанағаттандырмай тастады.

Jasalash.kz
Ол өзін қоныс колониясына ауыстыруды сұраған еді.«20 ақпанда Астана қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының қаулысымен сотталған Бағлан Майлыбаевтың қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінен қауіпсіздігі ең төмен түзету мекемесіне (қоныс колониясына) ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылмады, — деп ақпарат таратты Астана сотының баспасөз қызметі.Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ. Майлыбаевтың  адвокаты 15 тәулік ішінде қаулыны қайта қарау туралы өтініш беруіне құқылы. Бағлан АСАУБАЙҰЛЫ 2017 жылы бес жылға бас бостандығынан айрылған. Ол  «Қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды» және «мемлекеттік құпияларды заңсыз жинап, таратты, жария етті» деген айыптар тағылған. Сот шешіміне сәйкес дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылған.Бағлан Майлыбаев ұзақ жылдары бойы президен Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ сенімді серіктерінің бірі болған. 2009-2011 жылдары мемлекет басшысының баспасөз хатшысы, 2011-2017 жылдар аралығында Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып, ішкі саясат пен идиологияға жауап берді.Фото: informburo.kz
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега