Мамайдың фильмі: Сталинді қорғаштап жүрген кім?
Журналист-диссидентЖанболат МАМАЙДЫҢ жаңа деректі фильмінің премьерасы болмай қалуы ықтимал.
Бұлтуралы Ж. Мамай «Жас АЛАШ»тілшісінехабарлады.
Жанболат мамайдыңжеті ай бойы түсірген жаңа туындысы «ПреступленияСталина: как уничтожали национальную элиту» деп аталады.
«Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрымен келіссөзжүргізіп, «Преступления Сталина: какуничтожали национальную элиту» атты деректі фильмімізді 25 қыркүйеккүні көрсетеміз деп жоспарлағанбыз. Бүгін таңда аяқ астынан кинотеатр мағанхабарласып, белгісіз себептермен киноңызды көрсете алмаймыз, оның орынына жапондықбасқа фильмді көрсетеміз дейді. Кинотеатр 300 көрерменге арналған, ал бұлфильмге 1500-2000 көрермен жиналатын еді. Кинотеатрдың көрсетуден бас тартуыныңбасты себебі — біздің билікте әлі күнге коммунист адамдар отыр. Олар елдіойламай, әлі күнге Сталиндік жүйенің құрбаны екенін мойындағысы келмейді», — дейді Мамай.
2019 жылдың 30қаңтар күні Жанболат Мамайдың алғашқы деректі туындысы «Зұлматтың» көрсетіліміболған еді. Сол кезде «Арман» кинотеатрында аншлаг болған еді. 2017 жылыАлматыдағы Медеу аудандық №2 сотының судьясы Дәурен МӘУКЕЕВ әріптесімізді «қылмыстықжолмен табылған қаржыны заңдастыруға қатысты» деген айып тағып, «Трибуна. Саясиқалам» деген басылымы жабылған. Сондай-ақ, сот бас бостандығын үш жылға шектеп,дүние-мүлкін тәркілеуді бұйырып және үш жылға журналисттік қызметпен айналысуғатыйым салған. Содан бері Жанболат сталиндік жылдар жайлы деректі фильмтүсірумен айналысып жүр.
«Мен білсем, Қазақстандағы кез-келген кинотеатр бұлфильмді көрсетуден бас тартады. Бір-ақ себеп, билік коммунистерге толы.Дегенмен, жастардың көзі ашық. Олар бар ақиқатты түсінеді, сондықтан бұл фильмжерде қалмайды деп ойлаймыз. Көп адам маған, «Цезарь» кинотеатрынахабарласып, фильмді сұратып жатыр. Мен көкірегі ояу көрерменге сенім артамын!», — деді Мамай.
Коллаж: zhasalash.kz