Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің шекті бағадан өсуіне жол бермеуді тапсырды
Премьер-Министрі А.Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне шекті бағаның өсуіне жолбермеуді тапсырды.
Бүгін ҮкіметтеАсқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимінқамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Еліміздегісанитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов,халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу туралы сауда жәнеинтеграция министрі Б. Сұлтанов баяндады..
Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірлердің әкімдіктеріменбірлесіп, белгілі бір тауар түрлерінің туындауы мүмкін тапшылығына дер кезіндеәрекет ету үшін азық-түлік қорына, оның өндірісінің теңгеріміне және өңіраралықтасымалына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.
«Біз 9 аса әлеуметтікмаңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасын бекіттік. Бағаны ұстап тұрудыңтиісті тетігі бар. Дегенмен, бірқатар өңірлерде бірден кейбір азық-түлікөнімдеріне шекті бағаның өсуі байқалып отыр. Әкімдіктерге мұндай фактілерге жолбермеуді және осы мәселені жеке бақылауға алуды тапсырамын», — деді А. Мамин.
Премьер-Министр өңірлік тұрақтандыру қорларында азық-түліктің қажетті қорынқамтамасыз етуді тапсырды.