Саясат

Мамин үкіметі отставкаға кете ме?

15 қаңтар күні Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий МЕДВЕДЕЕВүкіметінің отставкаға кететінін мәлімдеді.

Jasalash.kz

20 қаңтарда оңтүстіктегікөршілеріміз Өзбекстан үкіметіне де өз қызметін тоқтатты. Енді Асқар МАМИНкабинеті тарай ма?

Осы сейсенбіде министрлер кабинетінің жиыны өтпей қалды. Ол отырыс жұма 24қаңтар күні президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ төрағалығымен өтпек. Мамин кетедіекен деген сыбысты бұл өзгеріс күшейтіп жібергендей болды.

2019 жылдың 25 ақпанында ғана премьер-министрі болып тағайындалған АсқарҰЗАҚБАЙҰЛЫ қызметінен кетсе не өзгереді? Ол кеткеннің өзінде де «бұл саясиэлита арасындағы мүделер қақтығысы» деп қана қабылдауға болады. ӘйтпесеҚазақстан жағдайында үкімет ауысқанан еш өзгерістер болмайтыны да баршаға аян.

Айтпақшы, 10 қаңтар күні Нұр-Отан партиясының төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВМамин мырзаны қабылдап экономикалық жағдайдың жаман еместігін айтып, «100 нақтықадам» Ұлт жоспарын тиянақты түрде жүзеге асыру керектігін тапсырған. Үкіметтібір жылға жуықтау басқарған Асқар Мамин 2019 жылы ЖІӨ 4,5 пайызбенқортындылады.

Құрылыс саласының даму қарқыны 12,9%, сауда –7,6%, байланыс – 5,2%, көлік – 5,1%, өңдеу саласы – 4,4%, тау-кен өнеркәсібі – 3,7% құрады. Алхалықтың табысы 5,5%, негізгі капиталға инвестициялар 8,5% өсіп, сауда айналымы97 млрд долларды құрады. Бұл ресми ақпарат. Бақытжан САҒЫНТАЕВТАН эстафетаалған Мамин жұмысының нәтижелері осындай.

2019 жылы Үкімет алдына көпбалалы аналар мәселесі шықты.Бұл кезек күттірмейтін шешілеуі тиіс шаруа. Былтыр тікелей әлеуметтік мәселеменайналысатын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі үш рет ауысты. Бірақел ішінде атаулы әлеуметтік қолдауға қатысты көңіл толмаушылық әлі де бар.Ақорда мен Үкімет үйінің алды, жергілікті әкімдіктердегі аналар пикеті Маминотставкасымен шешіле ме? Керісінше бір-біріне сілтеген жұмыстың берекесі кетпейме?

Елдегі негізгі экономикалық көрсеткішке әсер ететінстратегиялық даму жоспары, 2050 бағдарламасы мен 5 реформаны жүзеге асыру һәмжауапкершілікті күшейтудің орнына үкімет ауыстыру ойыны маңыздырақ па?

Алмас Болатбек

Фото: primeminister.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега