Манарбек Қыдырбай. Тітіркену
Әлеуметтік желідегі аватарыма бет-әлпеті келіскен біржігіттің фотосуретін орналастырып, жасырын парақша ашқаныма біраз уақыт болды.
Күндегіәдетім бойынша жасырын ашқан парақшама кіріп, әлеуметтік желі арқылы танысқан қыздармен тағыда болмайтын әңгіме-дүкен құрып отырғам. Уақыт өткізіп. Кенет белгісіз біреудендостық ұсыныс кеп түсті. Ең бірінші жасаған әрекетім – фотошоппен өңдеп түскенкөз қарықтырар суреттерін қарадым. Тамсанғаным соншалық «Сүйкімді екен. Суреттеугесөз жетпес, сірә да», — деп іштей күбірледім. Жартылай жалаңаш әйел бейнесінкөрсем болды, лүпіл, яғни лайк басып машықтанған саусақтарым бұл жолы даәдеттегісінен танбады. Суреттері кез келген еркек кіндіктіні еліктіріп, есінентандыратындай сымбатты екен. Әсіресе қып-қызыл шырынды еріндерін бұртитып,қаламмен сызып қойғандай қап-қара қасын керіп, қарашығын төңкере қарап тұрғанбейнесі беймәлім жұмбақ әлемге жетелейтіндей. Ынтығып кеттім. Марлыдай жұқажеңсіз жемпірдің кеуде тұсын тесіп шығардай тырсиып әрең сиып тұрған қос алмасымен бұраң белінен бір шама бөлек тұрған бөксесін көргенде, еркімнен тысдегбірсізденіп мазам кетті. Достығын қабылдамасқа шарам қалмады. Аңсарым ауып,түн ортасына дейін суреттеріне телміріп, тесіле қараумен болдым. Оның онлайнболып, желіге кіруін асыға күттім… Тіл қатуға асықтым. Тіпті суреттерініңастына пікірде жазып үлгердім. Бір суретінің астына жұрттарда бірнеше пікірқалдырыпты, оның өзінде, «супер… керемет, ғажапсың, сұлусыңнан» аса алмапты. Бәріненасып түскім келді, ол үшін не істеуім керек, ақындығыма басып, оған өлеңарнағым келген-ді. Көп ойланып отырмадым. Еріншектігім ұстап қалды. Қисынсызболса да табан астында тапқырлығым ұстап, Мұқағали Мақатаевтың өлеңініңүзіндісі есіме сап ете қалды… Көз ілеспес жылдамдықпен жазып жібердім:
«Сүйгісі келе берер сүйген ерін,
Сүй, жаным, сүйкімді бір күйге енемін,
Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын,
Ағытшы бешпентіңнің түймелерін...» деп жазып, қып-қызылбоп лүпілдеп, соғып тұрған жүректіңбелгілерін аямай, қаз-қатар тізіп, бірінің артынан бірін жібердім. Ұнатқан адамымаалдын ала жанына майдай жағатын жақсысөздер жазып әрекет жасау ес білгелі қалыптасып қалған қағидам сияқты. Несінжасырайын, бар ойым тездетіп құрығыма түсіру… Айламды асырып, бір түнқұшағыма түнету… қиялыммен қаншама рет киіндіріп-шешіндірумен болдым. Ғайыптанкелген қандай сиқыр екен деп таңдандым… Ғаламторды шұғыл ақтарып, ол жайындабасқа да ақпарат іздестірдім. Артық ақпар таппадым. Instagram, WhatsApp,facebook дейсің бе әйтеуір, бәріненен тісқаққан ұрыдай тіміскілеп іздедім…Тек Вконтактеде ғана парақшасы бар екен. Дұрыстап тағы қарадым, ешқандай ортақ досымыз жоқекен… Қуандым.
Басқа қыздарға көз де, сөз де салмаймын деп өз-өзімді үйленгенненбері үгіттеп, осы күнге дейін тежепбаққам, әйеліме де үйіп-төгіп уәде бергем. Тек сөз жүзінде. Ауылдың аңқау қызы оған да нанған-ды. Ол маған сенеді.Отасқаныма он ай болса да, мен жайлы күдік көкейіне ұялап көрмеген-ді. Мағандеген көңілі ақ, пейілі пәк. Маған сенгендіктен мен университетті толықтамамдағанша екеуміздің болашағымыз үшін, ол жұмыс жасап, мен оқимын деп екіқалада тұруға келісімін берген-ді. Соныбіле тұра, бар болмысымды жат пиғыл иектеп алды. Қай түлен түрткенін түсінсембұйырмасын, қас-қағым сәтте бұрынғы қалпыма қайта оралғандаймын. Сол баяғыбойдақ кезімдегідей, қыз көрсем болды, қызыл көрген бұқадай көзім қызарып, көңілімалабұртып, алуан түрлі күйге еніп шыға келетін болыппын. Өткен-кеткенді ой елегіненөткізіп бақтым. Мен әйелімді сүйетіндігіме күмәндана бастадым. Оған текнәпсінің жетегімен ұшқалақ сезімнің ұшқынымен үйленген сияқтымын. Егер оны баржан тәніммен арбалып сүйсем, басқаға көңіл аудармас та едім ғой. Бірақ,әйелімнің басқа еркекпен сейіл құрып жүргенін көз алдыма елестетсем өне бойым өртеніп, қызғаныштан жарыла жаздаймын...
Таң қылаң бере бастаған шақ еді. Көзім кіртиіп, жұмбаққыздан жауап күтіп отырған жерімдеқалғып кетіппін. Енді-енді уыз ұйқы құшағына еніп суреттегі сұлуды түсімдесүйіп, аймалай бастаған кезім… Дәл сол сәтте қалта телефоным безілдеп қояберді. Жүрегім дір ете қалды. Көзімді тырнап ашып, тұтқаны көтердім. Тілімкүрмеліп кінәлі адамдай кібіртіктеп қалдым.
— Қайырлытаң, жаным! Күнің сәтті өтсін!
— Қайырлытаң… — деп жасқаншақтап үн қаттым. Олменің түндегі әрекетімнен хабар алыпқойды ма деп қатты састым. Өзімді кінәлі адамдай сезініп, сөйлесуден қашқақтайбастадым.
-… (үнсіз тұрмын)
— Әлө… жаным… неге сөйлемейсің? Ұйықтап қалдың ба?
- Жоқ. Неге таң атпайхабарласып тұрсың? –деп өктем үнмен сөйлестім. Оның күн шықпай тұрып, таңғыалтыда жұмысқа баратыны тас есімнен шығып кетіпті. Ол дала қараңғы болғандықтан аялдамаға жеткенше менімен сөйлесіпбаратын-ды. Күндегі әдеті сол.
— Жаным дала қараңғы… қорқам...
- Мен бардаешкімнен қорықпа!
— Қашан келесің? Сағындым!
— Мен де! Демалыс күндері.
— Автобус келді… бетіңнен сүйдім маубас...
— Жақсы… сау бол.
Тұтқаны асығыс қоя салдым. Әлеуметтік желіде жасаған ерсіәрекетімнің кесірінен өзімді қатты ыңғайсыз сезіндім… Бұл тек алғашқы күнгіәсер екен. Келесі сөйлескен сәттерде түк білмегендей жасанды жақсы сөздер айтыпсөйлесе беретін болдым. Әлгі әлеуметтік желіде әлек қылған қызбен де ептепқарым-қатынасым жақсара бастады. Бір-бірімізді көруге ынтыға бастадық.Күнделікті күйбең тірлікті ұмытып, тек сонымен ғана сөйлескім кеп, соны ғанаойлайтын халге жеттім. Ол маған тіпті бет жүзін көрсетпей, нәпсініқоздыратындай тыр жалаңаш күйде түскен суреттерін жіберіп, еріксізеліктіретінді тапты. Әйеліммен сөйлесуді сиреттім. Арамыз күннен күнге алшақтайбастады. Ол мені, мен оны ұмытқандаймыз. «Неке куәлігі» деген құжат болмаса,біз бөтен боп кеткендейміз. Менің қиялымда тек бір адам ғана үстемдік орнатты,күндіз-түні. Ол менің сезіміме тіл қатты. Ол да менің суретімнің астыналүпілдеген қып-қызыл жалын жүректің бейнесін жіберіпті… Сол сәттен бастап,жанармайға тиген жалғыз шырпыдай сезімімді өртке айналдырды. Сезімімді хатарқылы ашық білдіре бастадым. Бірінші қадамды былай бастадым:
— Неткен сұлу, неткен ажарлы едің, жиырма біріншіғасырдың Монолизасы!
— Асыра сілтедің-ау ханзадам!- деп жазыпты! Ханзадамдеген сөзіне балқып масаттана бастадым білем:
— Сен менің жұмбақханшайымымсың, жүзіңді бір көрер күн бар ма екен...
— Әрине сері жігіт… жер деген дөңгелек қой, ойламағанбір күні жүздесеміз...
деген сияқты қызу әңгіме басталды. Жалғанда тірі жанғаарнамаған жылы сөздерімді соған ғана арнадым. Көп уақыт оздырмай кездесугекелістік… бір ай бойы тек хат арқылы сөйлесіп, сезім сергелдеңіне түстік. Күндіз-түнітолассыз жазылған желідегі хаттар легі тоқтамады.
Мен оны жердің түбінде болса да іздеп бармаққабекіндім...
Көп уақыт бойы жұмбақ қыз бен кездесуге баруға қорықтым.Әйелімнің көзіне түсіп қалам ба деп сескендім. Аңдаусызда әйелім көріп қалса, шаңырақтыңшайқалары сөзсіз. Бірақ, әйеліме білдірмей, онымен кездесуге бел байладым. Келісімбойынша кездесуге бес минут қалғанда бір-бірімізге телефон нөмірлеріміздібереміз деп хат жазыстық. Жүрегім алып-ұшып алапат сезімнің жетегімен дәл келіскен күні, келіскен уақытта келіскенжерге жеттім… Ешкім білмейтін жаңа нөмірімді оған жазып жібердім. Ол дакелгенін айтып, желі арқылы нөмірін жазды. Жедел қоңырау шалдым. Тұтқадан бейтаныс үн естілді. Жүрегім дір ете қалды.Қорқыныштан немесе үрейден екенін түсіне алмадым. S көшесінің қалтарысында бетпе-бет кездескен бойда, бір-бірімізгеқарама-қарсы сілейіп қаттықта қалдық. Олмаған қарап ыржалақтап тұрған тәрізді. Өз көзіме өзім сене алар емеспін… Қарсыалдымдағы адам боянып-сыланып, сырғатаққан әйел тектес «еркек» боп шықты. Тұла бойымды тоқ ұрып өткендей, денемтітіркеніп кетті. Сасқанымнан жалт беріп тұра қаштым...
Суреттегі бейне құр картина екен. Содан бері әлеуметтікжелідегі бейтаныс жандармен сөйлесуге сескенетін болдым.