Маңғыстауда үш адам мінген қайықты жел ашық теңізге алып кеткен
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында қатты желдің салдарынан үш адам отырған үрлемелі қайық ашық теңізге ағып кеткен.
Оқиға өткен түні Каспий теңізінің жағалауында болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, хабар түскен бойда құтқарушылар іздеу жұмыстарына кіріскен.
Көп ұзамай мамандар теңізге ағып кеткен үш адамды тауып, жағаға жеткізді. Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған.