Әлеумет

Бектенов әскери оқу-жаттығулардағы қауіпсіздікке қатысты кемшіліктерді атады

Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға әскери оқу-жаттығуларды жоспарлау мен өткізу кезінде жүйелі мәселелер бар екенін көрсетті.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұл туралы депутаттардың сауалына берген жауабында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру барысында оқу-жаттығуларды бақылауды ұйымдастыру, ықтимал тәуекелдерді бағалау және жағдай өзгерген кезде жедел әрекет етуге дайындық бойынша бірқатар кемшілік анықталған. Атап айтқанда, қауіпті факторларға жеткілікті назар аударылмаған, қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен оқу-жаттығудың қауіпті кезеңдерін уақытында тоқтату мәселесі тиісті бақылауда болмаған.

Қазір әскерлерде орналасқан жерді анықтау, әуеден бақылау және құлақтандыру технологиялары қолданылады. Қарулы күштерде ұшқышсыз ұшу жүйелері пайдаланылса, күштік құрылымдардың жекелеген бөлімшелері геолокацияны анықтайтын және әскери қызметшілердің физиологиялық жай-күйін бақылайтын жеке құрылғылармен жабдықталған.

Сонымен қатар күштік мемлекеттік органдар "Қазгидромет" РМК-мен өзара іс-қимыл орнатқан. Соның аясында ауа райының болжамды өзгерістері мен дауылды ескертулер туралы ақпарат тұрақты түрде беріліп отырады.

Премьер-министрдің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес уәкілетті органдар Әскери реформа жоспарының жобасын әзірлеген. 

 

Сайт Әкімшілігі