Қоғам

Маңғыстау облысында аңшылық кезінде қаза тапқан ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр

Іс мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта судья Ақылбек Медиевтің төрағалығымен өтіп жатыр.

pixabay.com

Сот отырыстары шілде айының ортасында басталған. Осы уақыт ішінде бірнеше куәгердің жауабы тыңдалды.

Іс бойынша үш адам сот алдында жауап беріп жатыр. Олардың барлығына «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Оқиға 2025 жылғы 2 желтоқсанға қараған түні Қарақия ауданында болған. Ал оның мән-жайы 9 желтоқсанда белгілі болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі таныс құс аулауға қайықпен шыққан. Аңшылық кезінде 49 жастағы ер адамның мылтығынан абайсызда оқ атылып, 52 жастағы серіктесіне тиген. Жарақат алған аңшы оқиға орнында қаза болған. Кейін марқұмның туыстары оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер айтып, қайықта екі емес, төрт адам болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

 Іс бойынша келесі сот отырысы 3 қыркүйекке белгіленген.

Сайт Әкімшілігі