Қоғам

Маңғыстау облысында шатқалға көлігінің мемлекеттік нөмірін жазып кеткен ер адам қамалды

Маңғыстау облысында Ыбықты Сай шатқалындағы вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды,деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: ЖИ арқылы жасалған

Бұған дейін әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері ер адамның шатқал аумағындағы тасқа өз аты-жөнін және автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін жазып кеткенін анықтады.

Полиция аталған құқық бұзушылықты жасаған 21 жастағы Маңғыстау облысының тұрғыны екенін анықтады.

Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен оған 25 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды.

Сайт Әкімшілігі