Қоғам

Маңғыстау облысында жерасты Бекет ата мешітіне зиярат етуге барып, үш тәулік бойы хабарсыз кеткендер табылды

Жоғалып кеткендер мінген автокөлік Қыдырша ата қорымынан шамамен 35 шақырым қашықтықтағы жетуі қиын аумақтан анықталған.

Фото: Полиция

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік батпаққа батып қалғандықтан, олар жолын жалғастыра алмай, ұялы байланысқа шыға алмаған.

Өңірлік Lada.kz басылымының мәліметінше, із-түзсіз жоғалғандар – 34 жастағы Қанатбек Жұбатқанов, 31 жастағы Ақмарал Бисенова және 20 жастағы Мархабат Бисенова.

Олар соңғы рет 2 шілде күні күндіз жақындарымен байланысқа шығып, қасиетті жерден бейнежазба жолдаған. Осыдан кейін олармен байланыс үзілген.

Зияратшыларды іздеу жұмыстарына тікұшақтар, арнайы техника және қажетті құрал-жабдықтар жұмылдырылған. Іздеу бірнеше бағытта жүргізіліп, нәтижесінде жоғалған азаматтардың орналасқан жері анықталды.

Сайт Әкімшілігі