Қоғам

Маңғыстау тұрғынының көлігінен 5,5 келі бекіре уылдырығы тәркіленді

Маңғыстау облысында бекіре тұқымдас балық өнімдерін заңсыз айналымға шығарудың жолы кесілді. Операция «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген.

Фото: полиция

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында полиция қызметкерлері арнайы бөлімше өкілдерімен бірге Toyota 4Runner көлігін тоқтатып, тексерген. Нәтижесінде көліктен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы салынған 10 ыдыс табылды. Олардың жалпы салмағы 5,5 келі болған.

Көліктегі үш ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар күдіктілердің бірінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Осыған байланысты оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, арнайы қабылдау орнына орналастырылды.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі