Маңғыстауда 18 жасқа енді толған жігітті екінші күн теңізден іздеп жатыр
Маңғыстауда 18 жасқа енді толған жігітті екінші күн теңізден іздеп жатыр.
Lada.kz басылымының мәліметінше, Азамат Дүйсеханов 7 шілде күні Ақтаудан шамамен 48 шақырым жерде орналасқан O’Mir демалыс орны маңындағы теңіз жағасында жоғалып кеткен. Сол күні ол достарымен бірге 18 жасқа толған туған күнін атап өткен.
Қазір іздеу жұмыстарына 53 адам, 6 техника, 3 жүзу құралы, 10 сүңгуір және 8 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Туыстары барлық бейжай қарамайтын тұрғындардан іздеу жұмыстарына көмектесуді сұрайды.