Маңғыстауда әскери қызметшілердің қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Оқиға бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір оқиға орнында Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Тергеу аясында қажетті іс-шаралар жүргізіліп, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.
Бас прокуратура қылмыстық істің тергелу барысын ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.