Қоғам

Маңғыстауда екі жігіт Каспий теңізіне батып кетті

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізіне түскен екі жас жігіт суға батып көз жұмды.

Фото: Лада

Жергілікті «Лада» басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 маусым күні кешкі сағат 20:40 шамасында Ақтау қаласынан 64 шақырым жердегі «Көгілдір шығанақ» аумағында болған.

Облыстық полицияның мәліметінше, 2001 жылы туған екі жігіттің денесін құтқарушылар теңізден алып шыққан. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, олар суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Оқиғаға байланысты мән-жай анықталып жатыр. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Мамандардың айтуынша, тек арнайы рұқсат етілген орындарда ғана суға түсу қажет. Сондай-ақ толқын күшейген кезде теңізге кіру өмірге қауіп төндіретіні ескертілді.

Сайт Әкімшілігі