Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің саны 12-ге жетті
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің саны 12-ге жетті.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінш, оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюінен 19 әскери қызметшіні теңіз алып кеткен.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Іздеу-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау және құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнына Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов бастаған министрлік комиссиясы аттанды.