Маңғыстаудағы балабақшада бүлдіршін қатарласын пышақпен жаралаған
Маңғыстау облысы Жетібай ауылындағы «Жауқазын» балабақшасында орын алған оқиғадан кейін мекеме басшысы қызметінен босатылды.
Алдын ала мәлімет бойынша бүлдіршін қатарласын кеңсе пышағымен жаралаған. Қарақия аудандық білім бөлімі балабақша директорымен жасалған еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығарып, оны қызметтен босатты.
Сонымен қатар кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін балабақша директоры мен топ тәрбиешісіне әкімшілік айыппұл салынды.
Оқиға қоғамда резонанс тудырып, тиісті органдар тарапынан тексеру жүргізілген.