Қоғам

Mango негізін қалаушының ұлы әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Mango компаниясының негізін қалаушы, испаниялық танымал киім, аяқкиім және аксессуарлар бренді иесі Исак Андич екі жыл бұрын Барселона маңындағы жартастан құлап қаза тапқан еді.

Фото: ашық дереккөз

71 жастағы кәсіпкер 2024 жылдың желтоқсанында отбасымен бірге Монтсеррат үңгірлеріне саяқат кезінде 150 метр биіктен құлаған. Қайтыс болған кезде ол сән брендінің директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы қызметін атқарған. Forbes мәліметінше, оның байлығы 4,5 миллиард долларға бағаланған.

Исак Андичтің өліміне қатысты тергеу 2025 жылдың қаңтарында тоқтатылған болатын. Судья қылмыстық әрекет белгілері жоқ деп танып, оқиғаны жазатайым жағдай ретінде бағалаған.

Алайда кейін іс қайта ашылды. Полиция Джонатан Андичтің және оның әпкелері Джудит пен Сараның телефондарын тексерген.

Бүгін миллиардердің 45 жастағы ұлы Джонатан Андич әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Каталония өңірлік полициясының өкілі:

«Мен Джонатан Андичтің әкесі Исак Андичті өлтірді деген күдікпен ұсталғанын растай аламын»,- деді.

Өткен жылы отбасы мәлімдеме жасап, Джонатанның кінәсіз екеніне сенімді екенін айтқан еді. Себебі жергілікті БАҚ оның үстінен ресми тергеу басталғанын хабарлаған болатын.

Джонатан Андич бұған дейін әкесінің өліміне қатысы барын жоққа шығарып, оның туристер жиі баратын жерде кездейсоқ құлап жарақат алғанын мәлімдеген.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Исак Андич