Аймақ

Маңғыстау облысында екі қызды зорлады деген күдікті өзіне қол жұмсаған

Маңғыстау облысында 16 және 12 жастағы қыздарды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған, — деп хабарлайды Жас Алаш lada.kz-ке сілтеме жасап.

Jasalash.kz

Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады. Оқиға 5 ақпанда Маңғыстау облысындағы аудандардың бірінде болған. Әйел 16 және 12 жастағы кәмелетке толмаған қыздарды зорлау дерегі бойынша полицияға арызданған.

Тергеу барысында күдікті қыздардың ата-анасының жақын досы екені белгілі болды. Ер адам 2019 жылдан бастап, 4 жыл бойы қыздарды зорлап келген.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега