Аймақ

Маңғыстау облысында полиция бөлімінің бастығы ұсталды

Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін полиция бөлімінің бастығы ұсталды.

Jasalash.kz

«9 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетовты ұстады», — делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега