Маңғыстауда халқы жазда ғана өмір сүретін ауыл бар
Ақтауқаласынан 14 шақырым жерде Ақшұқыр деген ауыл орналасқан. Оның іргесінде жапсарлай жатқанбірнеше елдімекен бар.
Соның бірі –«Төртінші квартал». Бұл ауылдың тұрғындары қысжақындаса басқа жаққа көше бастайды. Өйткені, ауылда газ жоқ. Газ болмаған соңүйді электр тоғымен, маймен, пропан газымен жылытуға мәжбүр. Ал оған кететіншығын – пәтер жалдағаннан әлдеқайда қымбатқа түседі.
Бір қарағанда мұнайдың үстінде отырған Ақтаудажылуға қатысты, газға қатысты мәселе жоқтай көрінеді. Сөйтсек, дәл қаланыңіргесінде бес жылдан бері газ құбырын келтіре алмай отырған ауылдар аз емесекен. «Төртінші квартал» тұрғындары бұл мәселені айтып та, жазып та көріпті. Тиістіорындар, жауапты шенеуніктер бала алдағандай, әне-мәнемен созып келе жатыр.
— БұлАқшұқыр ауылына жалғас салынған жаңа ауыл. Бөлек деп айтуға келмейді. Қалағатиіп тұр. 32 үй бар, әрқайсысында он шақты адамнан тұрып жатыр. Көбі жаздатұрады да, қыста кетіп қалады. Өйткені, газ жоқ. Тура біз тұрған жерден 100метр ғана қашықтықта газ бар, бізде жоқ. Бұл туралы ауыл әкіміне де, облысәкіміне де бірнеше рет жаздық, айттық. Ылғи әйтеуір анау-дейді, мынау дейді,қысқасы алдап кетіп қалады. Біз қазір әкімдіктің алдында тұрмыз, бірақ неайтатындарын біліп тұрмыз. Тағы да келесі жылға қалдырады. Өйткені, қазір күнсуытып кетті, биыл тарта қоятын сыңайлары мүлде байқалмайды. Тағы дабала-шағаны алып, қалаға қарай көшеміз. Квартира жалдап… – дейді ауыл тұрғыныДәуірғали ҚҰЛЖЫҒАРОВ «Жас АЛАШ» тілшісіне.
Тұрғындардың айтуынша, «келесі жылы, келесі жылы»деумен созып келе жатқан әкімдікке сенім мүлде сарқылған. Биыл да сол сылтаудыайтарына бек сенімді. Келесі жылы. Ауыл сонда жылу ретінде нені тұтынады дегенсұрақ туады. «Көмір жақпайсыздар ма?» деген сұрағымыз тұрғындарға «нан жоқболса неге бауырсақ жемейсіздер?» деген сияқты естілді-ау. Сөйтсек, бұл жақтакөмір жағу деген болмайды екен. Олай болмас жөні жоқ, газы мен мұнайы іргеде,бағасы да арзан. Сонша жерден көмірге шығындалудың реті жоқ. Бірақ, соншабайлықтың үстінде отырып, аспаннан киіз жауса да ұлтарақ тимейтін пақырдыңкебін киіп, газ бер деп қол жайып жүргелі 5 жыл.
— Светтіуақытша, жоғары жақтан алып отырмыз. Бес жыл боп қалды міне. Жарық өшіп қалмасаәйтеуір қосулы тұр ғой, оның жарасы жеңіл. Оның өзін өз ақшамызға, жиылыптартып алдық. Мәселе тура үйіміздің қасынан өтіп жатқан газда болып тұр ғой.Айдалада болса бұлай ренжімес те едік. Тура үйдің іргесінде… Енді амал жоқ,пропан газын жағамыз баллонмен алып. Шығына да аз емес, — дейді ЕсбайНҰРПЕЙІСОВ.
Орталыққа жалғанған құбыр атаулыдан ауылда тек суғана бар. Электр тоғының өзін жекелеген адамдардан тікелей жалғап алып отыр.Уақытша. Оның үстіне бұл жарық жиі өшеді. Өйткені, соншама үйді қамту қиын.Жазда әсіресе. Қыста «көшіп кеткендердің» есебінен жеңілдейтін болса керек.
Көпшілік бұл мәселені айтып көктемде де келгенәкімдікке. Ол кезде әкім күзге сілтепті. Бірақ, қыс кеп қалды, тыныш қой дептағы келіп отырған беті осы тұрғындардың.
— Мен деүшінші жыл осы ауылда тұрып жатырмын. Светті 6 үй болып, өз қаражатымызғажүргіздік. Уақытша болғасын тоқтың қуаты жеткіліксіз. Газ болмағасын үйдімаймен жылытып отырмын.… Май болғанда, «отработанный» май ше, машинаданшығатын, сонымен. Бірінші жылы тіпті газ баллонмен отырдым, бір-екі мәртеөртеніп кете жаздадық. Оның үстіне қымбат. Күніне бір баллон кетіп жүрді. Олқымбат боп кеткен соң маймен жанатын котел сатып алдым. Алматыдан 350 мыңтеңгеге тапсырыс бердім. Май жағу да, білесіздер, қауіпсіз емес. Денсаулыққа дазиян ба деп уайымдаймын. Май-май болып жүресің, түтеп, өшіп қалады. Кейде ағыпкетеді. Соны қарап отыру үшін қыс бойы жұмыстан шығып, үйде отырам, шыны керек, — дейді Азамат САППАЕВ есімді тұрғын.
Жалпы, бұл ауылды үй жылытудың барлықмүмкіндіктерін пайдаланып көрген ауыл деуге болады. Жағатын көмір болмағасынлитрін 100 теңгеден сатып алып, машинаның майын да жаққан бұл ауылдың дені қысбойы электр тоғын пайдаланады. Оның бүкіл үйді жылытуға шамасы келмейтінібелгілі, амал жоқ, кең етіп салған үйлерінің бір, асса екі бөлмесін ғанажылытуға мәжбүр. Соның өзінде кем дегенде 100-120 мың теңгеден төлейді қысбойы. Қыста жарық өшіп қалған да кездер болыпты. Сондай кезде «электр тоғыменүйін жылытып отырғандар қайда тығыларын білмей қалады» дейді әкімдік алдынажиналғандар.
Әкім таң ертеңнен бастап күттіріп, тұрғындардықабылдамай қойыпты. Біз бірер мәрте телефон шалғанда да жауап бермеді. Сөйтіп,ауылдастарының сөзін естуге алдымен орынбасарын жіберіпті. Шығарып салма сөзденжалыққан ауылдастар Ақшұқыр ауылы әкімінің орынбасары Баймұрат ЖАРЫЛҒАПТЫортаға алып, «биыл газ бола ма, жоқ па, соны айт!» деп төтесінен кетті:
— Осы жылы Бегей ауылына «Ерзат» дейтінмекемемен 40 миллион теңгеге газтартылады. Бегей ауылына тартылады, «Төртінші кварталға» емес. Ал, сіздергекелесі жылы тартылады, — деп қысқа қайырды.
Мұндайжауапқа әбден үйреніп алған ауыл тұрғындары сөзіміз баспасөз арқылы облысбасшысы СерікбайТҰРЫМОВ мырзаға жете ме деп үміттенеді.
P.S.:Тұрғындар алғашында орынбасарын жіберіп, таң атқаннан түске дейін қабылдамай қойғанауыл әкімі Айсағали Нұғыманов тұрғындардың «Жас Алашпен», өзге де БАҚөкілдерімен байланысқа шығып жатқандарын естіген соң барып, қабылдады деп отыр.Дегенмен, әкім әдеттегідей сырғыма жауаппен шығарып салыпты. Оның айтуынша биыл13-шақырымға газ тартылып жатыр. Ақша да бөлінген. Ендігі мәселе сол қаржығатіреліп тұр. «Егер артылса сіздердің ауылға тартамыз», дейді әкім. Соғанқарағанда, облыстан қаржы бөлгенде «нақты мына шаруаға жұмса» деп емес, «өзіңыңғайына қарап көр, жеткізуге тырыс, артылса келесі ауылдың бір бұрышын жамайсаларсың» дейтін секілді.
Фотоны ауылтұрғындары ұсынды.