Маңғыстауда жұмысшылар ереуілге шықты (видео)
Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кен орнында жүргізушілер ереуілге шықты.Бұл туралы жергілікті lada.kzхабарлады.
«Мобильді Сервис Групп» ЖШС жүргізушілері жұмысын тоқтатты. 162адам жалақыларын өсіруді талап етіп отыр. Қаражамбас мұнай кен орнындағымердігерлер айлық 100 пайызға көтерілуі тиіс деп есептейді.
«Біз 15 күн 78 мың теңге аламыз. Бұл өте аз. Ереуілге дейін бізбасшылықпен жалақыны көтеру туралы келіссөздер жүргіздік, бірақ бізге уәде ғанаберілді. Біз жұмысты тоқтатуға мәжбүр болдық. Біз 162 адамбыз, бізде 180 бірлікарнайы техника бар. Жалақы көтерілгенше, ақырына дейін тұрамыз. Өзіміздіңбасшылығымызды және Форт Шевченко әкімінің орынбасарын күтеміз », — деді «МобилСервис Групп» ЖШС жұмысшылары.
Фото: lada.kz