Өңір

Мақтааралда тағы 12 мың адам көшірілді

Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасындаболған апаттың салдарынан Түркістаноблысы, Мақтаарал ауданындағы су тасқынының қаупі әлі сейілген жоқ.

Jasalash.kz

Соңғытәуліктерде қайта ол күшейе түсті. Кеше түнде аудан орталығы Мырзакенттің халқықауіпсіз жерге көшірілді.

— Мақтаарал ауданында орын алған жағдайға байланыстыбұған дейін 2243 азамат  көшірілсе, кешетүстен кейін  су басу қаупі бар   Нұрлыжол мен Фердоуси ауылдарынан 3200-денастам тұрғын қауіпсіз аймаққа шығарылды. Ал түнгі сағат 23:00-де 12 мың тұрғыныбар  Мырзакенттің халқы 68 автобуспен Атакентжәне Асықата  елді мекендеріне көшірілді.Себебі сарқынды су Мырзакенттің іргесіне жақындап қалған-тын. Арнайы штабкелісімімен халықты көшіру туралы шешім қабылданды.  Төтенше жағдайға байланысты ауданда  18 эвокуациялық орындар нақтыланып, олар Атакент, Мақтарал, Жамбылелдімекендерінде әзірленді. Апаттан құтқару жұмыстарына 630 адам мен 2 су көлігі және56 техника жұмылдырылды.  Қазіргі таңдақауіпті аймақтағы азаматтар мен үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіру шараларыұйымдастырылуда.  Бұл жұмыстарға Келес,Жетісай, Шардара, Сарыағаш аудандарының әкімдіктері атсалысыпжатыр,-деп хабарлады Мақтааралда құрылған төтенше жағдайжөніндегі штабтың қызметкері Айдар Сейдазым.   

Қазіргі уақытта Өзбекстан жақтан келетін судың көлеміазайып жатқан жоқ. Сол себепті  Жаңаауылауылдық округіне қарасты Фердоуси елдімекенін су басып қалуы қаупі туып тұр.Қазіргі таңда ауыл ортасындағы мектептің аумағында су көтерілген.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега