Өңір

Мақтаралдықтарға топан сумен келген балықтарды тұтынуға тыйым салынды

Сардоба су қоймасынан Мақтаарал ауданы аумағына ағып келген топан судағыбалықтар жеуге жарамсыз.

Jasalash.kz

Бұл туралы ҚР АШМ ветеринариялық бақылау жәнеқадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертханасы» мамандарыжасаған қорытындыға сай мәлім болып отыр.Зертхана мамандарының айтуынша, топан судағы балықтардың ішкіағзаларынан бактериялардың бірнеше түрі бар екені анықталған.«Біз 12 мамыр күні су басқан елдімекендердегі балықтардың жарамдылығын анықтаумақсатында 4 дана балықты «Республикалық ветеринариялық зертханасына» жібергенболатынбыз. Бүгін қолымызға сараптама қорытындысы келіп түсті. Осы қорытындығасай біз су басқан аумақтарда балық аулауға болмайтынын ескертеміз. Соныменқатар, балық аулау фактілерінің тіркелмеуін қадағалаймыз», — дейді Түркістан облыстықорман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балықшаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбай.Осыған орай Түркістаноблыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы сарқындысулардағы балықтарды аулап, көзін жою жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ, халықарасында сарқынды судағы балықтарды аулауға, тұтынуға болмайтыны жөнінденасихат жұмыстары жалғасуда.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега