Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды
Марат ТӘЖИН жаңақызметке тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының жарлығы бойынша, Тәжин МаратМұханбетқазыұлы Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы төтенше жәнеөкілетті елшісі болып тағайындалды», — делінген мәлімдемеде.
Марат Тәжин 1960жылы 7-ші сәуір күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Алматы халықшаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Әлеуметтануғылымдарының докторы.
1999-2001 жылдарыҚР президентінің қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесініңхатшысы, 2001 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, 2007-2009 жылдары Сыртқыістер министрі, 2014-2017 жылдары ҚР Ресей Федерациясындағы елшісі қызметтерінатқарған. 2019 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін Мемлекеттік хатшы қызметінатқарған. Кейіннен оның орнына Қырымбек КӨШЕРБАЕВ келген.
Фото: tengrinews.kz