Өңір

Мәрия ЖҰМАҚОЖА. Жер астындағы күй

ЖЕР АСТЫНДАҒЫ КҮЙәңгімеАялдамаға қарай аяңдап келе жатқан Айнаш кенеттен жүрісін жылдамдата түсті.

Jasalash.kz
«Қап, сәл тоқтай тұрса екен, келесісі келгенше біраз тосып қалам… өзіме де обал жоқ… сәл ертерек шықсам қайтер еді» деген ойлармен жүрісін жылдамдатын еді ентігіп қалды. Тағы да өзін сөге бастады: «қап, етігімнің өкшесі түсіп қалмаса игі еді, мына салмақпен арбаңдап жүгіргенде… неге толып барам осы, арық кезімді жеген тамағымды қазір де жеп жүрмін, көп емес, бірақ толып-барам, толып барам...».  Айнаш жүрісін баяулатты...Шамалы аялдаса екен, сағат тоғыздан кетті жолаушы аз шығар, таңертең шықсаң жолаушылар автобустың аузы-мұрнынан шығып тұрады ғой, қазір адам аздау, тоса тұрар енді… аялдамаға он метрдей жер қалды, Айнаш жүріп кете ме деген оймен, қолын көтерді. Кондуктордың көзі шалса немесе жолаушылар көрсе тоқтата тұрар… Ух, әйтеуір жетті...  кондуктор жас жігіт екен қолтығынан демеп: — Апай, болыңыз тезірек – деді. Айнаш автобустағы жолаушылардан ыңғайсызданып, кондукторға қарап «рахмет, рахмет» деді де, жалма-жан сөмкесінен «оңайын» іздей бастады.Желке түсынан «карточка басамыз, карточка басамыз» деген дауыс қатты шықты. «Құдай –ау, басамыз ғой енді, тегін жүреді дей ме осылар» деп күбірлеп, карточкасын басып қалды.  Жүргізушінің артындағы орындықтардың біреуі бос екен, жайғасты да ойға шомды. Япырай, уақыт зымырап жатыр...қалаға күз де келді. қоңыр, сары жапырақтар баяу түсіп жатыр.   Қазір жұмысқа барғасын КСК-ға звандауды ұмытпау керек.  Жиырма жылға кредитке алған үйінің бір жыл болмастан асүйдегі кафелі түсіп қалды. Күйкі тірліктің күйбеңі бітпейді....Автобус Момышұлы көшесімен жоғарылап келеді. Бағанағындай емес, адам тола бастады.  Үстіне ұзындығы тізеден ұзындау келген күздік қара пәлте, шашын қысқа қидырып басына қара тақияны кекілін шығарып киген, бұтына жабысқан қара шалбар, аяғына сары бәтіңке киген жас жолаушыны, Айнаш киіміне қарап бозбала деп ойлады. Бетіне үңіліп қарауға ыңғайсызданып, ептен көзінің қиығын салып еді, өңі аққұба келген, тәмпіш мұрын, томпақ ерін жасөспірім, қыз балаға ұқсап кетті. «Япыр-ай, мен бозбала ма деп ойласам, қыз бала ма?» деп тағы бір рет көз қиығын тастады. Шаш үлгісі тым қысқа, тіпті самай, желке тұсын қырғызып тастапты, бірақ тақиясын қайырылған қысқа кекілін шығарып кигеніне қарағанда қыз бала- ау шамасы… Мойылдай қара көздері тым жас екенін аңғартып-ақ тұр. Қалта телефонына үңіліп, құлағына науишник киіп алған, мына әлеммен шаруасы жоқ… Оған бәрібір, селқостық...  Өз әлемінде жүрген сияқты… Көзін ұялы телефонынан алар емес… Кенет Айнаштың көңілі алай-дүлей болды. «Әттеген-ай,  әп-әдемі, жап-жас… өрімдей қыз балаға ұқсайды… бірақ киген киімі, шаш үлгісі, тіпті тұрған тұрысы да  ер бала секілді… Осындай ойлар келіншектің санасын жұлмалап жатыр… «Жастар ғой, кәріс стилінде киінген -ау шамасы, өзінің он төрт жастағы қызы да дүкенге барса «Мама, мына кофта корейский стильде екен, қазір осылар мода ғой, осыны аламын» деп жабысып алады. Осыларды кәрістің сериалдары-ау деймін санасын улап жүрген, оның үстіне ана «91» дей ме солары тағы бар...» деп жас қызды ойша ақтай бастады.  Әншілерге еліктейді бұлар. Жарайды киімді қойшы ана шаш не, қыз бала болса шашын тықырлап сонша не көрінді, шашы ұзын болса, бұрымды сұлудың нақ өзі болар еді… Бұрымды сұлу деп қоямын, ұл бала шығар… » деп бастапқы ойына қайта оралды… Енді көз қиығын тастап, сүзе қарап ұл балаға тән белгілерді іздей бастады. Автобустың ұстағышынан ұстап тұрған қолына көзі түсіп кетті де күмәнді ойы біржола сейілді. Қыз бала екен… әппақ ұзын сүйріктей саусақтары мен ашық көгілдір түске боялған тырнақтарына маникюр жасалыпты. Күлгін түсті шағын сөмкесін иығына емес, мойнына асып алыпты… телефоннан жанарын тайдырар емес... Жас жолаушының қыз не ер бала екенін айыра алмай дал болған Айнаш түсетін аялдамасына да таяп қалды… Жолаушы қызға тағы да қарап еді,  ол әлі телефоннан көзін алар емес… жүріс-тұрысы қыздан аумайтын ер балаларды да жиі көріп қалады. Ондай балалар басқа балаларға қосылмай, оқшау жүреді... — Келесі аялдама Мұхтар Әуезов театры – деді кондуктор жігіт.Қалың ойға шомған Айнаш түсетін аялдамасына келгенін естіп, бірден жиналды.Дала салқын екен. Жолдың арғы бетіне өту үшін, жер асты жолының баспалдақтарымен төмен түсе бастады. Кенет керемет дыбыс естіле бас тады...   қоңыр домбыра үні… Оюлы тас еденді  жер асты жолы жарық, таза… қабырғаға керуеннің суреті салыныпты… бәрі көзіне  жылы ұшырап,  жанына жағып барады… Әсіресе күмбірлеген күй қандай керемет десеңізші… Айнаштың автобуста құлазыған көңілі, бірден шаттанып, қоңыр домсбыра үніне сүйсініп, күлімдеп келеді. Бағанағындай емес, күй бітпесе екен деп, жүрісін баяулатты… «Сарыарқа, Сарыарқа ғой мына күй» деді күбірлеп… ғажап… Осындай тәтті күйден арылғысы келмей, сылбыр басып баспалдақтармен жоғары көтеріле бастады. Күй алыстап барады… «Күй тыңдамағалы көп болыпты-ау… енді үйде жұмыстан кейін жарты сағаттай күй тыңдайын» деп шешті.Күйдің әсерінен арыла алмай, жұмыс есіне түсіп жүрісін тағы да жылдамдата түсті. Театрдың алдынан өтіп бара жатып, жазушы мүсініне көзі түсіп кетті.  Руханияттың алып бәйтерегі секілді, Алатауға қарап ойға шомған жазушы мүсінінің жанында бөгелуге мұршасы болмады. Алдына қарап еді, жүз метрдей жерде университетке қарай бір топ студент келіп бара жатыр. Студенттер жатақханадан шықса керек, әңгімелері жарасып, көңілді кетіп барады. «Білім алуға асығып барады, тәубе, тәубе» деп Айнаш та іштей күбірлеп соңдарынан аяңдады...Фото: tengrinews.kz
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега