Қоғам

Масанчиде тағы бір адамның денесі табылды

Масанчидағыжанжалдан көз жұмған тағы бір адамның денесі табылды. Бұл жөнінде Жамбыл облысыәкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов мәлімдеді.

Jasalash.kz

«2020 жылдың 11 ақпан күнісағат 12:07-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне, Қордайауданының Масанчи ауылында, сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатырдыңқұлауы болған), тазарту кезінде, қираған үйінділердің астында адамның күйгенденесі табылды», — делінген Құлшыманов жариялаған мәлімдемеде.

Әкім кеңесшісінің сөзінше, қазір мәйіттің жеке басынанықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, жедел іздестіру шараларыжүргізілуде.

Бұған дейін құзырлы органдар Қордайда болған қазақ-дүнгенқақтығысынан 10 адам қайтыс болғанын айтқан. Жанжал ақпанның 7-і күні болған.

Фото: Азаттық радиосы.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега