Машкевичтің қызына жемқорлыққа қатысты айып тағылды
Миллиардер, ENRC тау-кенметаллургиялық алыбы иелерінің бірі Александр МАШКЕВИЧТІҢ қызы Анна МАШКЕВИЧКЕ Ұлыбританиядажемқорыққа қатысты айып тағылды.
Ұлыбританияның аса ірі қаржы алаяқтықәрекеттерге қарсы күрес агенттігі (Serious Fraud Office) Машкевичтің қызыныңүстінен тергеу шараларын бастады. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады.
«Аса ірі қаржыалаяқтық әрекеттерге қарсы күрес агенттігі жемқорлыққа байланысты айып тағылып,FTSE 100 листингісінен түсіп қалған ENRC негізін қалаушылардың біріА.Машкевичтің қызы Анна Машкевичке жемқорлыққа қатысты айып тағып отыр. Анна Машкевичке ENRC-дегі жемқорлыққа қатыстыбұрынырақ қозғалған іске байланысты айып тағылды», – дейді Financial Timesбасылымы.
36 жастағы АннаМашкевич Лондондағы ALM Service UK компаниясының директоры. Машкевичтің қызы ENRC-дегіжемқорлыққа қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеуге көмектесуі мүмкін құжаттарды заңорындарына көрсетпей, жасырып қалды деп айыпталуда. "Ірі көлемдегі қаржыалаяқтық әрекеттерге қарсы күрес агенттігі 1987 жылы қабылданған «Сотәділдігі» заңының 2-бабының сәйкес, Анна Машкевич тергеуге көмектесуімүмкін барлық құжатты ұсынбады деп айыпталып отыр", – деп жазады FinancialTimes басылымы.
Енді Машкевичтіңқызы алты айға түрмеге қамалуы немесе айыппұл төлеуі мүмкін. Анна Машкевичтіңсоты 5 шілде күні өтеді.
Ал оның адвокатыИан Райан «Анна Машкевич заңға сәйкес, тергеуге толықтай көмектесіп,әріптестік орнатты, сондықтан ақталып шығуы тиіс» дейді.
Ұлыбританияның ірікөлемдегі қаржы алаяқтығына қарсы күрес агенттігі ENRC -ге қызмет көрсеткен Dechertзаңгерлік фирмасының үстінен 2013 жылы алаяқтық,парақорлық және жемқорлыққа қатысты ішкі тергеу жүргізген соң, ENRC-дің Африкамен Қазақстандағы қызметін зерттеуге кіріскен. Қаржы алаяқтығына күресагенттігі бұл тергеу әлі де жүріп жатқанын мәлімдеді.
ENRC өзіне тағылғанайыпты жоққа шығарып, Dechert заңгерлік фирмасын сотқа берген болатын.
Қырғызстандадүниеге келіп, Қазақстанда байыған Израиль азаматы Александр Машкевич Forbes басылымытүзген әлемдегі ең бай дәулеттілердің тізіміне кіреді. Forbes мәліметінеқарағанда, А.Машкевичтің дәулеті 2,4 миллиард долларға тең.