Қоғам

Мәсімовтің туысымын деп төрт адамнан ақша алған экс-полицей сотталды

Алматыда өзін ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің туысымын деп таныстырып, бірнеше адамды алдаған бұрынғы полиция полковнигіне сот үкімі шықты.

Фото: ашық дереккөз

Әлімжан Қадыров төрт адамнан жүздеген мың доллар алып, оларға түрлі мәселелерді шешіп беруге уәде еткен.

Тергеу материалдарына сүйенсек, ол жәбірленушілерге жер телімін рәсімдеуге, алма бағын қайтаруға және шетелге шығу мәселесін реттеуге көмектесетінін айтқан. Бұған қоса, Кәрім Мәсімовтің әйелін емдетуге қаражат қажет деген сылтаумен де ақша сұраған.

Алматы соты бұрынғы полковникті 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген.

Сайт Әкімшілігі