Әлеумет

Мәсімовтің самурай қылышы 1,5 млн теңгеге сатылды

Экс-премьер Кәрім Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда 1 млн 587 мың теңгеге сатылды. Қазір жазасын өтеп жатқан бұрынғы шенеуніктің бұл тарихи жәдігері үшін үш адам таласқа түскен.

sauda.e-qazyna.kz

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» (KUVA) қылышты бесінші рет саудаға шығарған. Электронды Sauda платформасындағы аукцион 29 сәуірде өткен.

Бастапқы бағасы 379 904 теңге болған лотқа үш қатысушы өтінім беріп, нәтижесінде оның құны шамамен бес есеге өскен. Сатып алушының кім екені жарияланған жоқ.

Фото: sauda.e-qazyna.kz

Сонымен қатар, KUVA-ның кейбір қымбат активтерді сату мәселесі әлі де шешілмей отыр. Мәселен, «Байсат» базары кезекті рет өтпей қалған. Бұл нысан мемлекет меншігіне екі жыл бұрын өткен. Оны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 2024 жылдың қаңтарында тергеу барысында мемлекетке қайтарған еді.

Сондай-ақ, сатылмай жатқан мүліктер қатарында Green Village және «Париж кварталы» тұрғын үй кешендеріндегі бірнеше элиталық пәтер де бар.

Сайт Әкімшілігі