Қоғам

Матч кезінде Палестинаны қолдаған түркиялық жанкүйерлер Грузия полициясымен қақтығысты

Грузияның Батуми қаласында Түркияның "Бешикташ" пен Израильдің "Хапоэль" командалары арасында өткен матчтан кейін жанкүйерлер мен полиция арасында қақтығыс болды.

Фото: ашық дереккөз

Ойын кезінде түркиялық жанкүйерлер Палестина туын көтеріп, Израильге қарсы ұрандар айтқан. Кейін жағдай ушығып, жанкүйерлер Грузия полициясымен қақтығысты. Олар трибунадағы орындықтарды тәртіп сақшыларына қарай лақтырған. Бұған жауап ретінде полиция көзден жас ағызатын газ қолданған.

Оқиға салдарынан 16 адам ұсталып, үш полицей жарақат алды.

Жанжалдан кейін Түркия мен Грузияның сыртқы істер және ішкі істер министрлері телефон арқылы сөйлескен. Сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "Бешикташ" клубының басшылығымен байланысқа шыққан.

Ал түркиялық клуб басшылығы грузин полициясын шамадан тыс күш қолданды деп айыптап, УЕФА-ға ресми шағым түсірді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Түркия Грузия