Мәжіліс депутаттары ант қабылдады
Парламенті Мәжілісінің жаңадан сайланған VII шақырылым депутаттары ант қабылдады.
— Мен Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін. Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, еліміздің Конституциясы мен заңдарына бағынуға, маған жүктелген депутаттың жоғары міндеттерін абыроймен атқаруға ант етемін, — деп мәлімдеді депутаттар бірінші пленарлық отырыста.
Мәжіліске түскен 107 депутаттың 70% -ы — жаңадан сайланғандар.
10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтті.
Дауыс беру нәтижесінде Мәжіліске үш партия өтті: «Nur Otan», Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы және Қазақстан Халық партиясы. Мәжіліс депутаттарының құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясының тоғыз адамы енді.