Қоғам

Мәжіліс көлік ұрлаумен күрес туралы халықаралық келісімді қарастырады

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтті, онда Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы жасалды, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Jasalash.kz

Депутаттар ратификациялық заң жобаларын қарастырады. Яғни, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көлік құралдарын ұрлаумен күресу және олардың қайтарылуын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге енгізілген түзетулер.

Бұл қатарда азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы шартқа өзгерістер енгізу де бар.

Осылармен қатар, ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асылдандыру жұмыстарын біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісім жұмыстары да қарастырдылмақ. Келісімді іске асыру, басқалармен қатар, отандық асыл тұқымды өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Палатаның жалпы отырысы күн тәртібінің жобасы VII шақырылған Парламент Мәжілісінің бірінші сессияға өкілеттіктерін жүзеге асырудың негізгі шараларының жоспары туралы мәселені ұсынды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега