Мегаполис мәртебесіне сай қала ма?
Шымкенттің республикалықмаңызы бар қала мәртебесін алғанына жуырда екі жыл толады.
2018 жылдыңмаусымында Шымкент өз алдына отау тігіп, тікелей елордаға бағынатын дербесшаһар атанды. Осы кезден бастап қаланыңмегаполистік дәуірі басталды.
Жалпы, мегаполис атауының мағынасы кең. Мегаполис деп – миллионнан астам халқы бар ірі қаланыатайды. Мегаполис – инфрақұрылымы, экономикасы жоғары деңгейде дамыған, жаңатехнологиялар қолданылатын ірі орталық. Мегаполисті қалалық мәдениеттің ерекшеүлгісіне жатқызуға да болады. Шымкент осы мегаполис мәртебесіне қаншалықты сай?
Егер халқының санына келер болсақ, Шымкентте бүгінде миллионнан астам халықтұрады. Қала тұрғындарының саны өте шапшаң өсіп келеді. Тіпті демографиялықөсім жағынан ол Қазақстандағы өңірлер арасында бірінші орын алады. Ал ендіинфрақұрылым жағына келгенде біраз проблеманың бары рас. Әсіресе қала айналасындағыелді мекендердің инфрақұрылымы нашар дамыған. Тас төселмеген жолдарды былайқойғанда, орталықтағы кейбір көшелер көлік ағынына сай емес. Көшелерді кеңейту,айналма жолдар салу кезек күттірмейтін міндет. Коммуналдық қызметтердің ішіндежарық мәселесі өте өзекті. Әлі күнге жарықты жекеменшік трансформатордан алатынкөшелер, елді мекендер бар. Ал жекеменшік талапқа жауап бере алмайды. Өлеусірегенжарық, жиі-жиі үзілетін желілер жұрттың жүйкесін жұқартқан. Дегенмен қалабасшыларының айтқандарына сенсек, алдағы жылдары Шымкент инфрақұрылымға қатыстыбіраз проблемадан құтылатын болады. Әсіресе биылға жоспарланған жұмыс көп.
Алдымен жолдан бастасақ, шаһардағы жол сапасын дамыту мақсатында 2020 жылы республикалықжәне жергілікті бюджеттен 26,9 миллиард теңге қаралып отыр. Жыл соңына дейін 240 нысанды, яғни 314,7 шақырымжол мен алты көпір, бір жол өткелін пайдалануға беру көзделген. Сондай-ақ«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 260 аялдаманы орнатуға 536,5 миллионтеңге бөлініп отыр. Қаладағы ең маңызды, құрылысы жүріп жатқан көшелердің бірі –Республика даңғылы мен Рысқұлов көшесі. Бұдан бөлек, Бадам өзені үстінен өтетінөткел Д.Қонаев даңғылымен жалғасады. 99 метрлік нысан мамыр айының аяғына дейінтапсырылады деп күтілуде.Жалпы, Шымкент қаласындағы автомобиль жолдарыныңұзындығы 2976 шақырымды құраса, оның 56,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.
Шымкент қаласындағы көлік кептелісін азайту бағытында бірнеше ірі жоба бар.Солардың бірі – Қонаев даңғылын ұзартып, оны Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал,Жетісай аудандарына шығатын тас жолға қосу. Себебі қазіргі уақытта қаладан осыаталған аудандарға апаратын жалғыз жол – Республика даңғылы. Соның салдарынан көліккептелісі көп. Жуырда қала әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев көшесіндегі құрылысжұмыстарымен танысқан болатын. Мұнда қазір жолға қажетті тұрғын үйлердің денісүріліп, топырағы алынып, тас төсеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. «Біз Қонаев көшесін ұзарту жұмыстары жүріпжатқан бірінші құрылыс учаскесінде тұрмыз. Ұзындығы 580 метрді құрайтын бұл аумаққақазынадан 725 миллион теңге қаралған. Биылға дейін 101 миллион теңге игерілді. Осы жылы тағы 200миллион теңге бөлініп отыр. Қалған қаражат алдағы уақытта беріледі. Қазір кәрізжүйесі мен электр бағаналарын, газ жүйесін алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр», – деді осы сапарбарысында мән-жайды түсіндірген қалалық жолаушыларкөлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысыҚайрат Баймендиев.
Мұрат Әйтенов соңғы уақытта қала төңірегіндегі елді мекендерді аралап,халықтың талап-тілегін тыңдауды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Әкім жуырда «Қайтпас»шағынауданына барған болатын. Тұрғындар бірінші кезекте сапасы төмен жекеменшікжарық жүйесіне шағымданды. Бұдан бөлек, жол, ауызсу, газ, қоғамдық көлік мәселесіөзекті екенін алға тартты. «Сіздердің қуаты әлсіз жекеменшік электр энергиясынтұтынып отырғандарыңыздан хабардармын. Кезінде осындағы 416 үйге жарық жүйесіжетпей қалған. Соны ескеріп, қуат жүйесін жүргізуге байқау өткізіп, мердігермекемені анықтадық. Жуырда олар жұмысын бастайды. Құрылыс жұмыстарын күзгедейін бітіруге әрекет жасаймыз. Сонда сіздерде сапалы энергия болады», –деді халықтың арыз-шағымын тыңдаған Мұрат Әйтенов.Сондай-ақ «Сәуле» шағынауданынақарасты 276-шы орамдағы жол мәселесі де биыл шешіледі. Алты көшегетас төселіп, жарық пен ауызсу рет-ретімен тартылады.
– Жыл басында халықалдындағы есепті жиында жол мәселесі ерекше айтылған еді. Біз уәдеміздіорындаймыз, – деді тұрғындармен кездескен қала басшысы.
Жалпы, бұл орам қалақұрамына енген 41 елді мекеннің бірі саналады.
– Бастапқыда тіпті қаражол да болған жоқ. Электр желісін жұртшама-шарқынша тартып алған еді. Ауызсуды тасып ішетінбіз. Қала аумағына еніп,суға жарыдық, – дейді орамныңтөбе биі Ережеп Шерметов.
Бүгінде елді мекенгебағаналар тартылып, ауызсу мен жолдың құжаты әзірленген. Мұндағы ең өзектімәселелер биыл шешілмек. Кезінде тас төселмей қалған көшелер де тіркеуге алынуда.
– Қаладағы жол жөндеу жұмыстарына биыл қазынадан 25 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қомақты қаражат.Оны уақытында әрі мақсатты игеруіміз қажет, – деген қала басшысы осыдан 7-8 жыл бұрын Шымкенттің құрамына енген 41 елді мекеннің инфрақұрылым мәселесіқайта қаралатынын айтты.
Айтпақшы, Шымкенттегі №3 автоматты газ реттегіш стансасының құрылысы жоспар бойынша 2021 жылы аяқталуы тиіс еді. Қала әкімініңбастамасымен құрылыс биыл жыл соңында елигілігіне тапсырылатын болды.
Б.ЕРНАЗАР,
Шымкент қаласы