Мектеп оқушысы министрлікке үндеу жасады (видео)
Мектеп оқушысы онлайн оқудан мезі болғанын айтып, білім және денсаулық министрлігіне үндеу жасады,-деп хабарлайды «Жас Алаш» .
Бейнежазбадан көргеніміздей, оқушы еліміздегі бизнес орталықтарының, базарлардың, дәмхана, мейрамханалардың шектеусіз жұмыс істеп тұрғанын ерекше атап өтіп, балалардың құқы бұзылып отырғанын мысал етті. Өздерінің мектепке барып оқуға толық құқылы екендіктерін алға тартқан оқушы - елдегі шенділер мен министрлердің бұған назар аударуларын баса айтты.