Мектеп ішінде самокат тепкен оқушыларға қатысты видео Қазақстанда түсірілмеген
Әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларына қатысты бірнеше бейнежазба тарады.
Видеолардың бірінде жоғары сынып оқушыларының мектеп ішінде самокатпен жүргені көрсетілсе, екіншісінде сабаққа себепсіз қатыспай жүрген қыздардың бейнесі тараған.
Аталған бейнематериалдар бойынша тексеру жүргізілді. Нәтижесінде видеоларда көрсетілген оқиғалардың Қазақстан аумағында болмағаны анықталды.
Осыған байланысты тиісті органдар әлеуметтік желі қолданушыларын шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырды.