Әлеумет

Мектептерде оқушылардың ұялы телефон қолдану тәртібі өзгеруі мүмкін

Еліміздегі мектептерде смартфон қолдану ережесіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Фото: pixabay.com

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мектептерде смартфон пайдалануға қатысты жаңа қағидалар әзірленуде. Жаңа тәртіпке сәйкес, жоғары сынып оқушыларына смартфон қолдануға рұқсат берілуі мүмкін. Өйткені олар оқу барысында түрлі онлайн-платформаларды пайдаланып, Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ), сондай-ақ халықаралық SAT емтиханына дайындалады.

Ал 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ басталған кезде ұялы телефондарын арнайы орынға тапсыратын болады. Бұл талап оқу процесіне алаңдататын факторларды азайтуға бағытталған.

Министрдің айтуынша, смартфон қолданудың түпкілікті тәртібі жаңа қағидалар бекітілгеннен кейін белгілі болады.

Сайт Әкімшілігі