Саясат

Мелания Трамп Путин мен Зеленскийге хат жолдады

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Ақ үйде Ресей мен Украина делегацияларының өкілдерін қабылдады.Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Кездесудің негізгі тақырыбы Ресей бақылауындағы Украина қаласы Олешкидегі гуманитарлық операция болды.

Ресей атынан кездесуге Владимир Путиннің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев пен омбудсмен Яна Лантратова қатысты. Олардың кездесуге қатысатынын бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растаған. Ал Украина делегациясының құрамында Жоғарғы Раданың "Халық қызметшісі" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия мен омбудсмен Дмитрий Лубинец болды.

Кездесу барысында Мелания Трамп Арахамия мен Дмитриев арқылы Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путинге хат жолдады. АҚШ президенті Дональд Трамп кездесуге қатысқан жоқ.

"Біз соғыстың орнына адамгершілікті таңдадық", – деді АҚШ-тың бірінші ханымы. Ол екі тарапты да бейбіт тұрғындарға көмектесу үшін диалогты жалғастыруға шақырды.

Сайт Әкімшілігі