Оқиғалар

Мемлекет басшысы Наталья Бочарованы қабылдады

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымның бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.

Jasalash.kz

Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді жұмыс істейтін құрылым ретінде қалыптасуы айрықша маңызды екенін атап өтті.

 Кездесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Президенттің айтуынша, бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде барлық қатысушы мемлекеттің мүддесін тең дәрежеде ескеру маңызды.

 Қасым-Жомарт Тоқаев тіл адамдарды біріктіріп, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс, ол саясиландыру нысанына айналмауы керек деп санайды.

 Өз кезегінде Наталья Бочарова Мемлекет басшысына Ұйым қызметіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, оны одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тоқаев