Саясат

Мемлекет басшысы Қалмұхамбет Қасымовты қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұхамбет Қасымовты Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты.

Jasalash.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

 «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді», – делінген хабарламада.

Қ.Қасымовтың бұл отставкасы жоғарғы билік өкілдерінің аңдуға түсуіне қатысы бар ма, жоқ па, бұл жағы әзірге белгісіз.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега