Мемлекет басшысының Жолдауы: Мәдени инфрақұрылымды жаңарту өңірлердің шығармашылық әлеуетін арттырады
Мемлекет басшысының Жолдауы: Мәдени инфрақұрылымды жаңарту өңірлердің шығармашылық әлеуетін арттырады
Президент Жолдауында 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынып, барлық өңірде азаматтық инфрақұрылым нысандарын, соның ішінде шығармашылық үйлерін, кітапханалар мен ғылыми орталықтарды салу және жөндеу қажетін атап өтті.
Бұл мәдениет нысандарын жаңартып, тұрғындардың мәдени және білім беру ресурстарын пайдалану мүмкіндігін кеңейтеді. Заманауи шығармашылық үйлері мен кітапханалар білім алуға, бос уақытты мазмұнды түрде өткізуге, бастамаларды қолға алуға, таланттарды дамытуға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған қолайлы көпфункционалды орталықтарға айналуға тиіс.
Мұндай мүмкіндіктер ірі қалалармен қатар, аудан орталықтары, кенттер мен ауыл тұрғындарына да бірдей қолжетімді болуы маңызды. Мәдени инфрақұрылымды дамыту халықтың тұрмыс сапасын жақсартумен, адами капиталды арттырумен және өңірлердің шығармашылық әлеуетін ашумен тікелей байланысты.