Қоғам

«Мемлекеттен 65,9 млн теңге алған»: Стоматологиялық клиника балалардың еміне жалған медициналық қызмет рәсімдеген

Алматы облысында екі стоматологиялық клиниканың басшысы балаларға көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін мемлекеттен ақша алғаны анықталды.

Фото: ЖИ

Прокуратураның тексеруі барысында туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонтиялық қызмет көрсетілді деген жалған мәліметтердің медициналық ақпараттық жүйеге енгізілгені белгілі болды.

Клиника басшысы пациенттердің жеке деректерін пайдаланып, іс жүзінде жасалмаған емдеу шараларын рәсімдеген. Соның негізінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатынан 65,9 млн теңге заңсыз төленген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот кінәлі тұлғаға үкім шығарды. Мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді.

Сайт Әкімшілігі