Әлеумет

Мемлекеттік қызметкерлердің туыстарына да сыйлық алуға тыйым салынады

Бүгін НұрланНығматулиннің төрағалығымен өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысындадепутаттар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойыншаҚазақстан Республикасының кейбір істеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізутуралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Jasalash.kz

 

Аталмыш заң жобасында мемлекеттік қызметкерлерге сыйлықтарды сыйлауға тыйым салудыбелгілеу ұсынылды. 

"Қазіргі қолданыстағы 509-бап, яғни"Қайырымдылық" бойынша, мемлекеттік қызметкерлерге 10 АЕК көлемінедейін сыйлықтар беруге рұқсат етілген", — деді ҚР Мемлекеттік қызмет жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасарыОлжас Бектенов заң жобасын таныстыра отырып.

Олжас Бектенов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңда  мемлекеттік қызметкерлердің өзінен бөлек,  отбасы мүшелеріне сыйлық алуға тыйым салынатынын атап өтті.

«Заң бойынша мемлекеттік қызметкерлердіңотбасы мүшелеріне де материалдық сыйақы алуға немесе сый түрінде көрсетілетінқызметтерді тұтынуына шектеу қойылады»,- деді Олжас Бектенов. 

Осылайша аталмыш заң қолданысқа енсе, мемлекеттік қызметкерлердің өзінен бөлек, туыстарына да сыйлық ұсынуға заң жүзінде тыйым салынбақ. Ал мемлекеттік қызметкерлердің өздеріне сылық алуға қатысты заң жобасында бөлек тарау қарастырылған.

 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега