Сараптама

Мемлекеттік тілге – 50 млрд теңге, сонда да келмеді жөнге

Биліктегі қазақтардыңмемлекеттік тілге жаны ашымайды. Ашымайтын себебі – олар ана сүтімен бойынадарымай қалған тілді жек көреді.

Jasalash.kz

  Туғантіліне тіксіне қарайтын креслоқұмар қазақтың бір шоғыры оның «болашағы жоқ» депсанайды.  Одан да үйреніп қалған орыстілі, үйреніп жүрген ағылшын тілімен нан тапқан оңай секілді. Айналып келгенде,мемлекеттік тіл мазаққа айналды. Отыз жыл бойына орнын таба алмаған тілге жаныашитын қарапайым халық бабадан қалған байлығын жиі еске түсіріп, бір мезгілбиліктің есіне түсіріп қояды.

   Соңғы уақытта«тағдырлы» тілімізге қатысты бір-біріне кереғар екі жаңалық жарқ етті. Бірі –жақсы, екіншісі – жаман. Тура анекдоттағыдай. Кез келгенінен ұялмай бастайберуге болады. Сонымен, үкімет 2020 жылы мемлекеттік тілді толық меңгерген тұрғындарсанын – 91, ал 2021 жылы 92 пайызға жеткізбек екен. Несі бар? Жиырма жылданбері «экономиканы әртараптандырып» та келдік қой. Мұны да іске асыру түк емесшығар?!

Ал екінші жаңалық – мемлекеттік тілді дамытуға бөлінетін қаржыбіртіндеп азайтылады. Мысалы, 2018 жылы бұл мақсатқа 933 млн 674 мың теңге бөлінсе,2020 жылы 743 млн 105 мың, 2021 жылы 773 млн 513 мың, 2022 жылы 591 млн 590 мыңтеңгеберіледі. Яғни қазақ тіліндамытуға бөлінетін қаржы азая түседі, оның есесіне мемлекеттік тілді меңгерумен іс құжаттарын қазақшалау математикалық прогрессиямен өсе бермек. Жә, оғанда түсіністікпен қарайық. Жоғарыда айтылған қаржы қандай мақсатқа жұмсалмақ?Осы сұраққа мәдениет және спорт министрлігінің «логикасымен» жауап беріп көрейік.

      2020 жылданбастап үш жылда игерілуі тиіс 2 млрд 108 млн 208 мың теңгені мына мақсатқа жұмсаукөзделген:   

1.     Республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктерінің жексенбілікмектептерінде өтетін курстарда мемлекеттік және ана тілін жыл сайын 700 адамға (барлығы2100) оқуға;

2.     Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау жөніндегі ұйымдастырушылық,әдістемелік, мәдени іс-шаралармен 3500 адамды қамтуға (барлығы 10 500);

3.     Қазақстан үкіметінің мемлекеттік терминологиялық жәнеономастикалық комиссиясының отырысын сегіз рет өткізуге (барлығы 24 рет);

4.     Жаңа әліпбиді  жәнеоның ережелерін меңгеру курсы бойынша барлық саны 120 дана мультимедиялық оқытужәне танымдық, түсіндірме видеоблогтар жасауға;

5.     Тілді оқыту және үйрену әдістемелеріне 2020-21 жылдары 30сарапшы тарту.

     Бір қызығы,жыл сайын қаржыландыру көлемі азайтылып отырса да, көздеген мақсаттағы адам меншаралардың саны өзгермейді. Яғни жұмсалатын шығын көлемі оқитын, оқытатын және өткізілетініс-шараларға еш қатысы жоқ секілді. Осы жерде «неге?» деген заңды сұрақ туады.Бірақ оған жауап беріп жатқан, жауапкершілікті мойнына алған ешкім жоқ.Бюджетке салынған ақшаны қалайда «игеру керек» деген ұранмен қаншама қаржыжелге ұшып жатыр. Түпкі есебі сұралмаған, сұралмайтын осындай «Мемлекеттіктілді дамыту» бағдарламасына 30 жылда 50 млрд-тан астам қаржы жұмсалыпты.

    Мұншама қаржының дәл жоғарыдай, ешкіммен ақылдаспаған,талқыға салынбаған, мақсатсыз бағдарламалар арқылы нәтижесіз жоғалуы заңды нәрсе.Өйткені бағдарламаның соңғы нәтижесін ешкім тексермеген, зерттемеген, сұрамаған.Қазақ тілін үйрететін тиімді әдістемелер де жоқтың қасы. Терминология саласы құлаққатүрпідей тиетін сөздерді қолдан жасап әуре. Мәдениет және спорт министрлігі бөлінгенмиллиардтарды «әйтеуір, игерсек болды» деп жанталасады. Ал  басқа министрліктер мен мекемелер өз білгеніністеп әлек. Мемлекеттік тілдің дамуын үйлестіретін не заң, не мекеме жоқ. Соныңсалдарынан шығар, ауыл шаруашылығы министрлігінің minagri.gov.kz  сайтында ауылдың қазақтілді тұрғыны үшін Жер кодексі мен ауыл шаруашылығынсубсидиялау туралы ақпараттар қазақшаланбаған.    «ҚазАгро» да қалыспайды. www.kazagro.kz сайтындаауыл еңбеккерлерін қасақана шатастырып, жобалар туралы ақпарат бермеу үшінжасалған сияқты.

    Төтенше жағдайларминистрлігінің сайтында (kaz.emer.kz) рұқсат беру құжаттар туралы, рұқсатнамалықрәсімдер бөлімінде өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік лицензиялар туралы ақпаратжоқ. Ұлттың сенім кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов бұл мәселені былай жалғастырады:«Ішкі істер министрлігі mvd.gov.kz сайтының мемлекеттік тілдегі басты бетіндегіақпараттар бірен-саран аударылған. Барлық нормативтік-құқықтық база тек орыстілінде берілсе, ондағы «Оқиғалар мен хабарламалар» бөліміне кіру үшін түрікшебілуіңіз керек. Неге дейсіз ғой? «Oturum Aç Oturum açmak için Tek Adımlı Oturumkullanıcı adınızı ve parolanızı girin» деген сөздерді жазу керек. Ақпараттыашайын десең, түрік тілінде ескерту аласыз: «Busitenin yetkisiz olarak kullanılması yasaktır ve hukuki davalara konu olabilir». «Осы сайтты заңсыз пайдалануға тыйымсалынады және дау сотпен шешіледі». Неге құпия сөз түрік тіліндеенгізілетіндігін және мұны кім жасағанын түсініп көріңіз. Осы сияқтыхабарламалардан соң, туындаған даулар «қай елдің заңдарымен реттеледі?» деген сұрақтуындайды».

      Бұл тізімдіары қарай жалғастыра беруге болады. Қаржы министрлігінің www.minfin.kz сайтындаесептер туралы файлдардың атауы қазақ тілінде көрсетілгенімен, енді оны жүктесеңорыс тілінде мағлұмат аласың.

Электронды үкімет интернет-ресурстары мен порталдарындағы денсаулық сақтау министрлігінің сайтында www.mz.gov.kz ; қазақ тіліндегі «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтаужүйесі» деген бөлімге кірсеңіз, қазақ тіліндегі ақпараттың орнына «Такойстраницы не существует. Хотите создать?» деген жазуға тірелесіз.

    Ranking.kz сайтыныңзерттеуінше, 1991 жылдан бері қазақтілді орта екі еседен астам ұлғайып, 37пайыздан  бүгінде 77 пайызға жетіпті. Ал2025 жылы Қазақстан тұрғындарының 95 пайызы қазақ тілін меңгереді екен. Ендеше,мемлекеттік тілдің толыққанды қызмет атқаруына не кедергі? Әрине, ең бастыкедергі – «комфорт аймағынан» шығуды қаламайтын биліктегі орыстілді депутаттармен шенеуніктер. Олардың саяси енжарлығы. Мәдениет және спорт министрлігі, тілдеркомитетін де осы «айыптылар» орындығынан «көреміз». Эволюциялық жолмен жетіліп,мемлекеттік қарым-қатынас тіліне айналуы тиіс тілді саяси-спекулятивтік құралғаайналдыруында.

     «Мемлекеттіктіл туралы» заң қабылдап, Конституциядағы 7-бапты алып тастайтын немесемемлекет құрушы ұлт тілінің ыңғайына бұратын уақыт әлдеқашан жетті. Өйткені қазақмектептерін бітіруші түлектердің саны орыстілді мектеп оқушылары санына қарағандаекі жарым есе көбейіп келеді. Былтыр бүкіл Қазақстан бойынша 143 089 оқушыаттестат алса, оның 96 898-і қазақ тілінде, 40 457-сі орыс тілінде, 5734түлек өзге тілде білім алған. Қазақ тілінің толыққанды мемлекеттік тілгеайналуын статистика да қалап тұрғандай.

    Жақында Жамбылоблысының Қордай ауданында болған қақтығыс талай жылдан бергі іріңді жарып шықты.Қазақтілді ортаға интеграцияланбаған, томаға-тұйық, дербес этникалық анклавқаайналған орта отқа оранды. Қаншама шаңырақ қайғыдан қан жұтты. Президент Қасым-ЖомартТоқаев оқиға орнына барып, зардап шеккен ауылдарды аралады. Сапарының қорытындысыретінде жергілікті тұрғындарға қазақ тілін үйрену жөнінде кеңес берді. Қазақстанда«төменгілер» мемлекеттік тілді толық меңгерді. Халықтың қазақ тілін кең көлемдеқолдануға саяси-әлеуметтік ерік-жігері қайнап тұр. Бұл өте маңызды фактор. Тек«жоғарыдағылар» тілдің төрге шығуын тежеуді тоқтатуы керек.  

     Былтырдан беріҚазақ елі билік транзитін бастан кешіріп жатыр. Өтпелі кезеңнің неғұрлым жұмсақ,неғұрлым зардапсыз өте шығуына билік те, халық та мүдделі. Яғни бұл кезеңбилікпен қатар, мұхиттай айдынға шығар қазақ тілінің де транзитіне айналуытиіс.

Тоқтар Жақаш

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега