Әлеумет

Металл орнына құм мен қоқыс: Qarmet-тегі ұрлық ісі бойынша 13 адам сотталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Qarmet металлургиялық комбинатында (бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау») болған ірі көлемдегі ұрлық ісі бойынша 13 адамға үкім шығарды.

Фото: из открытых источников

Сотталушылар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мен айыптау нұсқасына сәйкес, 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы желтоқсанға дейін қылмыстық топ мүшелері комбинаттың копровый цехына металл сынықтары тиелуі тиіс вагондармен шлак, қиыршық тас, топырақ, құм және құрылыс қалдықтарын жеткізіп отырған. Кәсіпорынға келтірілген жалпы шығын 1,5 млрд теңгеге бағаланды.

Сот күзет фирмасының басшысы Мирас Ахметжановты қылмыстық схеманы ұйымдастырушы деп танылды.

Сот үкімі

Сот айыпталушыларды ұйымдасқан қылмыстық топ құруға және оған қатысуға, сондай-ақ аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыруға кінәлі деп таныды.

Мирас Ахметжанов мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Топтың екі мүшесі 9 жылдан, төртеуі 6 жыл 8 айдан, үшеуі 6 жылдан, тағы үшеуі 5 жылдан бас бостандығынан айырылды.

Тергеуге белсенді көмектескен екі фигурантқа шартты жаза тағайындалды. Тағы бір сотталған әйелдің жазасын өтеуі 2027 жылға дейін кейінге қалдырылды.

Сонымен бірге сот шот-фактураларды қолдан жасау эпизоды бойынша істің негізгі фигурантын ақтады.

Қорғау тарапы мен тергеудің ұстанымы

Сегіз айға созылған сот процесінде адвокаттар мен куәгерлер, соның ішінде комбинат қызметкерлері, сол кезеңде шикізатты қабылдау мен өңдеуді бақылау толығымен кәсіпорынның шетелдік топ-менеджментінің құзырында болғанын мәлімдеді. Олар меншік иесі ауысқаннан кейін Қазақстаннан кеткен. Қорғау тарапының айтуынша, шикізатты есепке алу мен оның құрамындағы қоспаларға қатысты заңбұзушылықтар жүйелі сипатта болған.

Алайда тергеу Ахметжановтың компаниясында комбинатқа жеткізуге қажетті нақты металл сынықтары болмағанын анықтаған. Соған қарамастан кәсіпорын аумағына жеткізілген балласт құжаттарда талапқа сай металл шикізаты ретінде рәсімделіп отырған.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Qarmet