Министр депутаттарды қоқыс тазалауға шақырды
Экология,геология және табиғи ресурстар министрі қоқыстар мен қалдықтарға қатыстыбастама көтерді.
МағзұмМЫРЗАҒАЛИЕВ 20-шілдеде елорда тұрғындарын Қоянды су қоймасын тазалауғашақырды.Бұл туралы министр өзінің твиттердегіпарақшасындажазған.
«Осыған орай, #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы жөнінде хабарлағымкеледi.20 шілдеде Қоянды су қоймасын тазалаудан бастаймыз. Қоршаған ортаныңтазалығын қалайтын барлық азаматтарды,қоғам қайраткерлерін, үкімет мүшелері менэкология белсенділерін бірге қатысуға шақырамын!», - делінген министрдің жазбасында.
Мырзағалиевтіңайтуынша, жиын 20 шілдеде 8:00 бен 8:30 да Триатлон паркі тұрағынының жанында (кiру Момышұлы менҚошқарбаев қиылысынан) болады. Осы жерден акция орнына жету үшін арнайыавтобус, тамақ пен қажетті құралдар ұйымдастырылған.
Фотоны автор ұсынды.